Меню

Страницы

Статья

Мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде мемлекеттік органдардың ашықтығы мен қолжетімділігін қоғамдық бақылау

        Ағымдағы жылдың 16 тамыз күні Еңбекшіқазақ ауданда мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында туындаған түйінді мәселелерді және кемшіліктерді қарау жөніндегі Ведомствоаралық комиссияның жұмыс сапарларын өткізу кестесіне сәйкес аудан әкімдігінің ведомствоаралық комиссия мүшелері мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру, оның ішінде мемлекеттік қызметті алу кезінде "кедергісіз орта" құру мақсатында Көктөбе және Түрген ауылдық округі әкімдері аппараттарында  қоғамдық мониторинг жүргізілді.

              Жұмыс сапарының нәтижесінде Көктөбе ауылдық округі әкімінің аппаратында Қазақстан Республикасының мүгедектердің құқықтарын қорғау және мемлекеттік қызметтер көрсету саласы заңнамасында көптеген бұзушылықтар анықталды (нашар еститін және саңырау адамдарды, сондай-ақ көру қабілеті нашар, арбамен жүретін мүгедектерді шұғыл эвакуациялау схемасы, пандус, қызметкерлерді шақырту түймесі және ерекше қажеттілігі бар адамдарға арналған тұрақ жоқ ).

Түрген ауылдық округі әкімі аппаратында тұрғындар мен қонақтарға электрондық мемлекеттік қызметтерді ыңғайлы алу үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған. Балалар үшін "балалар бұрышы" ұйымдастырылған.

      Барлық анықталған бұзушылықтар бойынша көрсетілетін қызметті берушілерге тиісті ұсынымдар мен оларды орындау мерзімі берілді.

Берілген тапсырмалардың орындалуы бақылау посты құралы бойынша бақыланатын болады.

Еңбекшіқазақ ауданы әкімі аппаратының

 мемлекеттік қызметтер мониторингі

және ақпараттық технологиялар бөлімі

Дата публикации
17 августа 2022
Дата обновления
17 августа 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
БЖЗҚ туралы өзекті сауалдар
14 октября 2026
Сайлау округтері, олардың шекаралары, округтік сайлау комиссияларының орналасқан жерлері және құрамы
13 октября 2026
МӘСЛИХАТ - 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы