Меню

Страницы

Статья

Құрметті салық төлеушілер!

ЭШФ бойынша жариялау.

  1. Осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 2), 5) және 7) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, шот-фактураны жазып беру мынадай жағдайларда:

1) есеп айырысулары:

сатып алушыға бақылау-касса машинасының чегін ұсына отырып, қолма-қол ақшамен және (немесе) көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу терминалдары арқылы;

төлем карточкаларын пайдаланып, төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықты (құрылғыны) қолдана отырып жүзеге асырылатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер өткізілген;

2) есеп айырысулары электрондық ақшамен немесе электрондық төлем құралдарын пайдалана отырып жүзеге асырылатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер жеке тұлғаларға өткізілген;

3) жеке тұлғаға ұсынылған коммуналдық көрсетілетін қызметтер, байланыс қызметтері үшін есеп айырысулар екінші деңгейдегі банктер, пошта операторы арқылы жүзеге асырылған;

4) теміржол немесе әуе көлігімен жолаушыны тасымалдау қағаз жеткізгіштегі жол жүру билетімен, электрондық билетпен немесе электрондық жол жүру құжатымен ресімделген;

5) дара кәсіпкер немесе жеке практикамен айналысатын адам болып табылмайтын жеке тұлғаға тауар өтеусіз берілген, жұмыстар өтеусіз орындалған, қызметтер өтеусіз көрсетілген;

6) осы Кодекстің 397-бабында көзделген қызметтер көрсетілген;

7) казино, ойын автоматтары залы, тотализатор және букмекерлік кеңсе қызметі бойынша қызметтер көрсетілген жағдайларда талап етілмейді.

Тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер осы Кодекстің 436-бабының 1-тармағында көрсетілген тұлғаларға өткізілген жағдайда, осы тармақтың бірінші бөлігі 1) және 2) тармақшаларының ережелері қолданылмайды.

Осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 2), 5) және 7) тармақшаларында көзделген жағдайларда шот-фактура жазып беру:

1) сатып алынған тауарды жеке, отбасылық, үй ішінде немесе кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес өзге де пайдалану (түпкілікті тұтыну) мақсаттарында пайдаланатын жеке тұлғаларға;

2) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес микрокәсіпкерлік субъектілері болып табылатын жеке немесе заңды тұлғаларға өткізген кезде талап етілмейді.

  1. Осы баптың 13-тармағының бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында, үшінші бөлігінде көзделген жағдайларда тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушы шот-фактураны жазып беру талабымен осы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушiге жүгінуге құқылы, ал өнім берушi бұл талапты осы баптың ережелерiн ескере отырып, оның ішінде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушы туралы мәліметтерде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу сенім білдірілген тұлғасы арқылы жүзеге асырылатын заңды тұлғаның немесе тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алатын дара кәсіпкердің деректемелерін көрсету бөлігінде орындауға мiндеттi. Бұл ретте осы баптың 13-тармағының 3) және 4) тармақшаларында көзделген жағдайларда шот-фактураны жазып беру тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің өткізілетін жері бойынша жүзеге асырылады.

Осы баптың 13-тармағы бірінші бөлігінің 4) тармақшасында көзделген жағдайда, көрсетілетін қызметтерді алушы жеке тұлғаның жол жүру фактісін растайтын құжатты немесе шот-фактураны жазып беру талабымен осындай көрсетілетін қызметтерді берушіге жүгінуге құқылы, ал өнім беруші бұл талапты осы баптың ережелерін ескере отырып, оның ішінде жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушы туралы мәліметтерде тасымалдау бойынша қызмет көрсетілген жеке тұлғаның деректемелерін көрсету бөлігінде орындауға міндетті.

Осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 8) тармақшасында аталған салық төлеушіден тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алған жағдайда тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушы осы Кодекстің 413-бабының 2-тармағында белгіленген мерзім ішінде осы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушіге шот-фактура жазып беру талабымен жүгінуге құқылы, ал өнім беруші осындай талапты орындауға міндетті.

 

«Жанама салықтарды әкімшілендіру бөлімі»

Дата публикации
17 августа 2022
Дата обновления
17 августа 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
БЖЗҚ туралы өзекті сауалдар
14 октября 2026
Сайлау округтері, олардың шекаралары, округтік сайлау комиссияларының орналасқан жерлері және құрамы
13 октября 2026
МӘСЛИХАТ - 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы