Меню

Страницы

Статья

Құрметті салық төлеушілер!

ЕАЭО шеңберінде тауарлар айналымының толассыз бақылануын қамтамасыз ету мақсатында 2021 жылдың басынан бастап Қазақстан Республикасында ТІЖ ресімдеу бойынша пилоттық жоба басталды, ол ЭШФ АЖ "Виртуалды қойма" модулінде электрондық нысандар есімделеді.

  1. Өндірілуі мен айналымы "Биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен реттелетін биоотын. (Тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеудің басталған күні 2023 жылғы 1 сәуір).
  2. Өндірілуі мен айналымы "Этил спирті мен (немесе) алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен реттелетін этил спирті және (немесе) алкоголь өнімі. (Тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеудің басталған күні 2023 жылғы 1 сәуір).
  3. Өндірілуі мен айналымы "мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен реттелетін мұнай өнімдерінің жекелеген түрлері. (Тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеудің басталған күні 2023 жылғы 1 сәуір).
  4. Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының (бұдан әрі – ЕАЭО СЭҚ ТН) коды және атауы Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылу шарты ретінде қабылданған міндеттемелерге сәйкес Қазақстан Республикасы оларға қатысты Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шартқа сәйкес бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің баж ставкасымен салыстыру бойынша неғұрлым төмен, кедендік әкелу баж ставкасы қолданылатын Тауарлар тізбесіне енгізілген. (Тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеудің басталған күні 2023 жылғы 1 сәуір).
  5. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін тауарлар. (Тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеудің басталған күні 2023 жылғы 1 сәуір).
  6. Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер аумағына әкетілетін тауарлар. (Тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеудің басталған күні 2023 жылғы 1 сәуір).
  7. Виртуалды қойма арқылы электрондық шот-фактуралар жазып берілетін тауарлар. (Тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеудің басталған күні 2023 жылғы 1 сәуір).
  8. ТІЖ алғанын растау немесе бас тарту мерзімі бұзылған жағдайда ЭШФ АЖ-де осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "Тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарды алуды немесе бас тартуды растау (растамау) мерзімдерінің бұзылуы туралы" хабарлама (бұдан әрі - Хабарлама) қалыптастырылады. Алушының хабарламаны алуы, сондай-ақ онымен танысуы ТІЖ алғанын растаудан немесе бас тартудан босатпайды.

«Жанама салықтарды әкімшілендіру бөлімі»

Дата публикации
17 августа 2022
Дата обновления
17 августа 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
БЖЗҚ туралы өзекті сауалдар
14 октября 2026
Сайлау округтері, олардың шекаралары, округтік сайлау комиссияларының орналасқан жерлері және құрамы
13 октября 2026
МӘСЛИХАТ - 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы