Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Шелек ауылдық округі бойынша ауылдық округінің әкімі аппараты көрсетеді. Мемлекеттік қызметтерді алу үшін жеке және заңды тұлғалар портал арқылы көрсетілетін қызметті берушіге жібереді:
1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат түріндегі жер учаскесінің тағайындалған мақсатын өзгерту туралы өтініш;
2) егер бюджеттің кірісіне жер учаскесінің кадастрлық (бағаланған) құнына тең сома төлеу қажет болса, оның тағайындалуы өзгерген кезде жер учаскесінің кадастрлық (бағаланған) құны туралы актінің электрондық көшірмесі Жер Кодексінің 9-бабы 5-тармағына сәйкес кадастрлық (бағаланған) құн арасындағы айырмашылыққа тең соманы бюджетке төлеу.
Ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды қызмет алушылардан талап етуге жол берілмейді. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған электрондық құжат түрінде жіберіледі. Толығырақ ақпаратты Шелек ауылы, Жібек жолы көшесі No 40 мекен-жайы бойынша және 8/72776 / 2-01-55, 2-14-30 телефондары арқылы алуға болады.Электрондық мекен-жай:shelek_akimat@mail
Шелек ауылдық округі әкімінің аппараты