Мемлекеттік қызметін көрсету тәртібі
жолдайды:
көрсетілетін қызметті берушіге:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесін жеке меншікке сатуға арналған өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);
3) жер учаскесінің кадастрлық құны актісі;
порталға:
1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған жер учаскесін жеке меншікке сатуға арналған электрондық өтініш;
2) жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны актісінің электрондық көшірмесі.
Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы ұсынылған құжаттарды келіп түскен күні қарайды және оларды өтініш келіп түскен күні жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) басшысына орындау үшін жолдайды.
Уәкілетті органның жауапты орындаушысы 2 (екі) жұмыс күні ішінде кадастрлық құжаттамасы бойынша жер учаскесін сәйкестендіреді және жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру туралы шешімнің жобасын не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап дайындайды.
Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші басшысының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жолдайды.
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға мыналар негіз болып табылады:
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және олардағы деректердің дұрыс еместігінің анықталуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 2003 жылғы 20 маусымдағы 43-бабының 3-тармағының алтыншы бөлігімен белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.
Басқа да толық мәліметтерді Шелек ауылдық округі әкімі аппаратынан ала аласыздар, мекен жайы: Шелек ауылы, Жібек жолы көшесі 40, тел:8(72776)2-01-55
Шелек ауылдық округі әкімінің аппараты