Құрметті салық төлеушілер!
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің өзара трансшекаралық саудасы шеңберінде жекелеген тауарларды, оларды өткізу кезінде есепке алу жүйесін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 9 желтоқсандағы № 640 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Салық төлеуші аумақтық МКО-ға осы Нұсқаулыққа 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық шот-фактуралардың көшірмелерін тауарларға арналған ілеспе жүкқұжат ретінде куәландыру туралы өтінішті табыс етеді.
МКО табыс етілген өтініштің негізінде:
электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде бар электрондық шот-фактуралардың табыс етілген электрондық шот-фактуралардың көшірмелерімен сәйкестігіне;
электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде СТ-1 немесе СТ-KZ нысанындағы тауардың шығарылуы туралы сертификаттардың барына;
электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде бар көрсетілген сертификаттардағы тауарлардың сипаттамасы туралы ақпараттардың "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ақпараттық жүйесіндегі мәліметтермен сәйкестігіне камералдық бақылауды жүзеге асырады.
МКО өтініш тіркелген сәттен бастап үш сағаттан кешіктірмей ұсынылған электрондық шот-фактуралардың көшірмелерін куәландырады не оларды куәландырудан бас тартады. Бас тарту осы Нұсқаулыққа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделеді.";
«Жанама салықтарды әкімшілендіру бөлімі»