Меню

Страницы

Статья

Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы Қазақстан Республикасының Кодексі 36 бап. Салық міндеттемесін орындау

  1. Салық міндеттемесін орындауды салық төлеуші дербес жүзеге асырады
  2. Салық міндеттемесін орындау үшін салық төлеуші мынадай іс - әрекеттер жасайды:

1) салық органында тіркеу есебіне тұрады;

2) салық салу объектілерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектілердің есебін жүргізеді;

    3) осы Кодекстің Ерекше бөліміне сәйкес салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді, салық базасын және салық ставкаларын, бюджетке төленуге жататын салықтар мен төлемдердің сомаларын, сондай-ақ олар бойынша аванстық және ағымдағы төлемдерді негізге ала отырып есептейді;

    4) салық тіркелімдерін қоспағанда, салық нысандарын және осы Кодексте белгіленген өзге де нысандарды жасайды және белгіленген тәртіппен салық органдарына табыс етеді;

5) осы Кодекстің Ерекше бөліміне сәйкес салықтар мен бюджетке төленетін төлемдердің есептелген және есепке жазылған сомаларын, салықтар мен бюджетке төленетін төлемдер бойынша аванстық және ағымдағы төлемдерді төлейді.

  1. Салық міндеттемесін салық төлеуші Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде орындауға тиіс.

Осы Кодекстің Ерекше бөлігінде көзделген жағдайларда салық міндеттемесін салық төлеуші-жеке тұлға салық кезеңі ішінде жалпы сомасы салықтың есептелген сомасынан кем болмайтын бірнеше төлем енгізу арқылы орындауы мүмкін.

  1. Салық төлеушінің салықтар мен бюджетке төленетін төлемдерді төлеу жөніндегі салық міндеттемесі, сондай-ақ қолма-қол емес нысанда орындалатын өсімпұлдар мен айыппұлдарды төлеу жөніндегі міндеттеме Екінші деңгейдегі банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым салықтар мен бюджетке төленетін төлемдер, өсімпұлдар мен айыппұлдар сомасына төлем тапсырмасын орындауға алған күннен бастап немесе қолма-қол емес нысанда орындалған болып есептеледі. төлемді банкоматтар немесе электрондық терминалдар арқылы, ал қолма-қол нысанда жүзеге асыру - салық төлеуші көрсетілген сомаларды Екінші деңгейдегі банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға, уәкілетті мемлекеттік органға, жергілікті атқарушы органға енгізген күннен бастап күшіне енеді.
  2. Салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді төлеу, әлеуметтік төлемдерді аудару кезінде салық төлеушінің уәкілетті өкілі осы Кодексте белгіленген жағдайларда төлем құжаттарында ақша жөнелтуші салық төлеушінің тегін, атын, әкесінің атын (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) немесе атауын және оның сәйкестендіру нөмірін көрсетеді.
  3. Салық төлеушінің салық агенті орындайтын, салық төлеу жөніндегі салық міндеттемесі салық ұсталған күннен бастап орындалған болып есептеледі.
  4. Салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді төлеу жөніндегі салық міндеттемесі, сондай-ақ өсімпұлдар мен айыппұлдарды төлеу жөніндегі міндеттеме есепке жатқызу жүргізу арқылы орындалуы мүмкін.

   

Орындаған:Енбекшіқазақ ауданы бойыншы

Мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы

Қостанов Мирхан Жолмуратұлы

Дата публикации
02 августа 2022
Дата обновления
02 августа 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
БЖЗҚ туралы өзекті сауалдар
14 октября 2026
Сайлау округтері, олардың шекаралары, округтік сайлау комиссияларының орналасқан жерлері және құрамы
13 октября 2026
МӘСЛИХАТ - 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы