Меню
Страницы
Статья
2022 жылдың 01 маусымындағы біржолғы зейнетақы төлемдері (БЗТ) бойынша ақпарат
🔹Тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында орындалған өтінімдердің жалпы саны: 1 323 432, сомасы 3 117 млрд теңге🔹Емдеуге ақы төлеу мақсатында орындалған өтінімдердің жалпы саны: 384 969, сомасы 298,0 млрд теңгеҚазақстандықтар өздерінің зейнетақы жинақтарын нақты қандай мақсаттарға жиі пайдаланады?🔶Орындалған өтінімдер саны бойынша тұрғын үй жағдайларын жақсартуға арналған БЗТ-нің ең жиі қолданылатын 3 қосалқы мақсаттары:1️⃣ азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша меншікке тұрғын үй сатып алу (465 165 немесе 35%),2️⃣ одан әрі жинақтау үшін тұрғын үй құрылысы жинағына салымды толықтыру (276 187 немесе 20,8%),3️⃣ ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша берешекті ішінара өтеу (оның ішінде ислам банкінің қаржыландыруы шеңберінде) (209 580 немесе 15,8%).🔶 Орындалған өтінімдер саны бойынша емделуге арналған БЗТ-нің ең жиі қолданылатын 3 қосалқы мақсаттары:1️⃣ стоматологиялық қызметтер (369 638 немесе 96%),2️⃣ офтальмологиялық қызметтер (10 908 немесе 2,8%),3️⃣ анықталмағаны (1 820 немесе 0,5%).♦️ Зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыларға аудару2022 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша 8,7 млрд теңгеге 5 870 өтінім орындалдыАударымның орташа сомасы шамамен 1,5 млн теңгеТолық ақпарат enpf.kz сайтының «Көрсеткіштер» бөлімінде жарияланған.
Дата публикации
01 августа 2022
Дата обновления
01 августа 2022
Сейчас читают
Социальные медиа
Меню подвал