Меню

Страницы

Статья

Құрметті салық төлеушілер!

ЕАЭО шеңберінде тауарлар айналымының толассыз бақылануын қамтамасыз ету мақсатында 2021 жылдың басынан бастап Қазақстан Республикасында ТІЖ ресімдеу бойынша пилоттық жоба басталды, ол ЭШФ АЖ "Виртуалды қойма" модулінде электрондық нысандар есімделеді.

12-тарау. ЕАЭО мүше мемлекеттердің аумағынан тауарларды жасақталмаған немесе жасалып бітпеген түрде әкелген кезде ТІЖ ресімдеу
      92. ЕАЭО мүше мемлекеттердің аумағынан тауарды жасақталмаған немесе жасалып бітпеген түрде әкелген кезде тауар алушы әкелінетін тауардың құрауыш бөліктеріне (құрамдастарына) бастапқы ТІЖ ресімдейді.
      Бұл ретте бір көлік құралында бірнеше құрауыш бөліктері (құрамдастары) әкелінген жағдайда тауар алушысы бір бастапқы ТІЖ-да құрауыш бөліктерін (құрамдастарын) жолма жол көрсете отырып ресімдейді.
      93. Бастапқы (бастапқы) ТІЖ ресімдеген кезде шарт (келісімшарт) талаптарында көзделген әкелінетін тауардың жалпы құны бірінші мәлімделген құрауыш бөліктері (құрамдастары) бойынша көрсетіледі, ал басқа құрауыш бөліктері (құрамдастары) бойынша құн жөніндегі мәлімет көрсетілмейді.
      94. Виртуалды қоймаға әкелінген тауардың құрауыш бөліктері (құрамдастары) келіп түскен кезде алушы әкелінген тауар туралы мәліметтерді көрсете отырып "Жиынтықтау" деген нысан арқылы оларды өңдеуді жүзеге асырады.

14-тарау. Құрамында алтыны бар өнімді өткізу, өткізу кезінде ТІЖ ресімдеу
      99. Алып тасталды - ҚР Қаржы министрінің 04.06.2021 № 531 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      100. ТІЖ ресімдеу кезінде жеткізуші (әкелу кезінде – алушы), егер 100-1-тармақта өзгеше белгіленбесе, "Қосымша мәліметтер" ашық жолында құрамында алтыны бар бастапқы жер қойнауын пайдаланушының сәйкестендіру нөмірін, егер бұл мәліметтер жеткізуші, алушы туралы мәліметтерге сәйкес келмесе көрсетеді.
      Бұл талап аффинаж зауыттары мен алтын өңдеу фабрикаларына қолданылмайды.

       100-1. Ломбардтар ломбард алдындағы өз міндеттемелерін орындамаған, үшінші тұлғалардың (кепіл берушілердің/жүк берушілердің) мүлкі болып табылатын, құрамында алтыны бар тауарды жария сауда-саттық (аукциондар) арқылы өткізген кезде ТІЖ-нің "Жеткізушінің санаты" ашық жолында "Кепіл ұстаушы/сақтаушы" деп белгілейді.
      ТІЖ-нің "Қосымша ақпарат" деген G бөлімінің 17-бағанында:
      ломбардтың меншігіне айналмаған құрамында алтыны бар мүлікті өткізу кезінде – "Ломбард алдындағы өз міндеттемелерін орындамаған үшінші тұлғалардың (кепіл берушілердің/жүк берушілердің) мүлкін жария сауда-саттық арқылы өткізу";
      ломбардтың меншігіне айналған құрамында алтыны бар мүлікті өткізу кезінде – "Ломбард алдындағы өз міндеттемелерін орындамаған үшінші тұлғалардың (кепіл берушілердің/жүк берушілердің) мүлкі меншігіне айналдырылған" деп көрсетіледі.
      Бұл ретте құрамында алтыны бар өнімнің бастапқы жер қойнауын пайдаланушының, сондай-ақ кепіл берушінің/жүк берушінің сәйкестендіру нөмірін көрсету талап етілмейді.
      Ломбардтар сатылатын тауарға СЭҚ ТН-нің тиісті кодын ол атқаратын функциясына қарай береді.

  1. ТІЖ-де құрамында алтыны бар өнімнің бастапқы шығарылған жері немесе оны өндіруші көрсетілмеген құрамында алтыны бар өнімді Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге жол берілмейді.
    102. Экспорттық бақылауға жататын тауарлардың (қосарлы мақсаттағы, әскери мақсаттағы) тізімі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 5 ақпандағы № 104 қаулысымен бекітілді.

 

«Жанама салықтарды әкімшілендіру бөлімі»

 

Дата публикации
20 июля 2022
Дата обновления
20 июля 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
БЖЗҚ туралы өзекті сауалдар
14 октября 2026
Сайлау округтері, олардың шекаралары, округтік сайлау комиссияларының орналасқан жерлері және құрамы
13 октября 2026
МӘСЛИХАТ - 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы