Алдын ала төлем бойынша экспортқа ЭШФ жазып беруге бола ма?
Салық кодексінің 453-бабына сәйкес шот-фактура жазып беріледі:
Тауарларды экспортқа өткізу кезінде қосылған құн салығын есептеу мақсатында Салық кодексінің 442-бабы 1-тармағының негізінде тауарларды сатып алушыға (бірінші тасымалдаушыға) ресімделген, тауарларды тиеп-жөнелтуді растайтын бастапқы бухгалтерлік (есептік) құжатты жасау уақыты бойынша бірінші күн ретінде айқындалатын тиеп-жөнелту күні тауарларды өткізу бойынша айналымды жасау күні болып табылады.⠀
Тауар экспорты кезінде салық төлеуші Салық кодексінің 453-бабы және 442-бабы негізінде алынған алдын ала төлем сомасына ЭШФ жазып бере алмайды. Өйткені ЭШФ өткізу бойынша айналым жасалған күннен кейін (өткізу бойынша айналым жасалған күнге дейін емес) жазып беріледі.⠀
Виртуалды қоймада, ЭШФ және ТІЖ 1 шілдеден бастап қалдықтарды бақылау енгізіледі⠀
ҚР ҚМ МКК салық төлеушілерге 01.07.2022 ж. бастап Виртуалды қойма нысандарында тауар қалдықтарын бақылау функциясы енгізілгенін хабарлады. Қалдықтар мен тауарлар өндірісі бақыланады. Жүйенің тиісті жаңартылуы 30.06.2022 ж.ЭШФ АЖ-да сағат 18.00-ден 22.00-ге дейінгі кезеңде (жүйенің бос тұруынсыз) өтеді.⠀
Алайда ЭШФ АЖ барлық пайдаланушыларының қалдықтарын тексеру, тек 01.07.2022 ж. бастап берілген СТ-1 және СТ-KZ сертификаттарының иелерін тексеру қамтылады.:⠀
✔️сертификат мәртебесі ("жарамды"мәртебесі болуы тиіс);⠀
✔️ЭШФ/ ТІЖ және сертификаттағы СЭҚ ТН кодтарының сәйкес келуі;⠀
✔️өлшем бірліктерінің сәйкес келуі;⠀
✔️алушы ел кодының сәйкес келуі (егер ол көрсетілсе);⠀
✔️қалдықты тексеру (егер сертификатта Сан көрсетілсе).⠀
Егер қандай да бір тармақ бойынша сәйкессіздік анықталса, жүйе ЭШФ немесе ТІЖ жазуға мүмкіндік бермейді.⠀
Сертификат бойынша тауарлардың қалдықтарын ЭШФ АЖ-да сертификаттар журналында байланысты құжаттарда нақтылауға болады.
«Жанама салықтарды әкімшілендіру бөлімі»