Меню

Страницы

Статья

Құрметті салық төлеушілер!

ЕАЭО шеңберінде тауарлар айналымының толассыз бақылануын қамтамасыз ету мақсатында 2021 жылдың басынан бастап Қазақстан Республикасында ТІЖ ресімдеу бойынша пилоттық жоба басталды, ол ЭШФ АЖ "Виртуалды қойма" модулінде электрондық нысанда ресімделеді.

Пилоттық жоба салық төлеушілерге ТІЖ-мен жұмыс істеуге бейімделуге, олардың есеп жүйелерін және жеткізушілер мен сатып алушылар мен өзара әрекеттесуді орнатуға арналған

     Пилоттық жоба Қазақстан Республикасының аумағында іске асырылады:
- акцизделетін өнімдер, Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан тауарларды әкету, сондай-ақ по виртуалды қойма арқылы ЭШФ жазып беруге жататын тауарлар бойынша 2020 жылғы 31 желтоқсаннан бастап 2023 жылғы 1 сәуірге дейін;
- ДСҰ алып қою тізбесінің тауарлары және цифрлық таңбалау қолданылатын тауарлар бойынша 2021 жылғы 1 қазаннан бастап 2023 жылғы 1 сәуірге дейін;
- ЭШФ Виртуалды қойма арқылы шығарылуға жататын құрылыс материалдары бойынша 2022 жылғы 1 ақпаннан бастап 2023 жылғы 1 сәуірге дейін.

  1. Қазақстан Республикасының аумағы бойынша тауарларды тасымалдау, өткізу кезінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкету кезінде:

      1) өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) шеңберінде жасалған (жасалынған) тауарларды өткізу жөніндегі мәмілелер (операциялар) бойынша;

      2) Салық кодексінің 386, 446 және 449-баптарына сәйкес қосылған құн салығының (бұдан әрі – ҚҚС) нөлдік мөлшерлемесі бойынша салық салынатын тауарларды экспортқа өткізу жөніндегі мәмілелер (операциялар) бойынша;

      3) Салық кодексінің 393-бабы 3-тармағына сәйкес ҚҚС нөлдік мөлшерлемесі бойынша салық салынатын өткізу жөніндегі айналымдар бойынша шетел валютасында ресімделген жағдайларды қоспағанда, ТІЖ Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен ресімделеді.

  1. Тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелу кезінде ТІЖ ұлттық валютада немесе шот-фактурада (инвойста) көрсетілген валютада жазып беріледі.
  2. Бастапқы ТІЖ бойынша виртуалды қоймаға кіріске алынған, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталған тауарлар бойынша алушы, қажет болған жағдайда, өткізуге ТІЖ ресімделетін мынадай:

      1) ДСҰ алып қою тізбесінің тауарларын;

      2) акцизделетін тауарларды;

      3) виртуалды қойма арқылы электрондық шот-фактуралар жазып берілетін тауарларды қоспағанда, көрсетілген тауарларды виртуалды қоймадан есептен шығаруды жүргізеді.

 

 

«Жанама салықтарды әкімшілендіру бөлімі»

 

Дата публикации
14 июля 2022
Дата обновления
14 июля 2022
Тип
Тұрғындарға арналған ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
БЖЗҚ туралы өзекті сауалдар
14 октября 2026
Сайлау округтері, олардың шекаралары, округтік сайлау комиссияларының орналасқан жерлері және құрамы
13 октября 2026
МӘСЛИХАТ - 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы