Жеке тұлғаның төлем көзінен және дербес салық салу кезіндегі салық салынатын кірісі түріндегі салық салу объектiлерi бар жеке тұлғалар жеке табыс салығын төлеушiлер болып табылады.
Бірыңғай жер салығын төлеу негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер осы арнаулы салық режимі қолданылатын қызметті жүзеге асырудан түсетін кірістер бойынша жеке табыс салығын төлеушілер болып табылмайды.
Мыналар жеке табыс салығы салынатын объектілер болып табылады:
1) жеке тұлғаның төлем көзінен салық салынатын кірісі;
2) жеке тұлғаның дербес салық салу кезіндегі салық салынатын кірісі.
Жеке тұлғаның жылдық кірісі осы тұлға Қазақстан Республикасында және оның шегінен тыс жерде салықтық кезең ішінде:
1) төлем көзінен;
2) жеке тұлға дербес салық салуға жататын кірістер түрінде алуға жататын (алған) кірістерінен тұрады.
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша
Мемлекеттік кірістер басқармасының
Заңды тұлғаларды әкімшілендіру бөлімінің бас маманы
Газамова Г.