Мемлекеттік қызметті алу үшін жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) мыналарды жолдайды:
көрсетілетін қызметті берушіге:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесін жеке меншікке сатуға арналған өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);
3) жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны актісі;
порталға:
1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған жер учаскесін жеке меншікке сатуға арналған электрондық өтініш;
2) жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны актісінің электрондық көшірмесі.
Толық ақпаратты Сөгеті ауылдық округі әкімі аппаратынан ала аласыздар.Аталған мемлекеттік қызметті Сөгеті ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Б.Тустукбаев көрсетеді.
Мекен – жайымыз: Нұра ауылы, Еспергенов № 23А
Анықтамалық байланыс телефоны: 8 (72776) 4-20-15.
«Сөгеті ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ