Меню

Страницы

Статья

2020 жылғы 1 қаңтардан бастап бюджеттің 4-ші деңгейіне (ЖӨБ) аудару үшін БСК!

Ауылдық округтер деңгейіндегі жергілікті өзін-өзі басқарудың бюджеті мемлекеттік бюджеттің IV деңгейі ретінде 2018 жылдан бастап халқының саны 2000-нан астам әкімшілік-аумақтық бірліктерде, ал 2020 жылдан бастап барлық жерде енгізілуде.

Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдері аппараттарының бес мыңнан астам мамандары оқытылды, оларға жергілікті өзін-өзі басқару бюджеттерін дербес басқару бойынша жұмыс механизмі түсіндірілді, яғни практикалық және консультативтік көмек көрсетілді, семинарлар өткізілді және алдағы уақытта қиындықтар болмас үшін өз құзыретіне жататын мәселелерді жоспарлау және бюджеттердің атқарылуы бойынша дөңгелек үстелдер өткізіледі. Бұл жұмыстардың барлығы сапалы әпі уақтылы қызмет көрсету мақсатында жүргізілді.

          Ел президенті «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында ауылдық округ деңгейінде коммуналдық мешікті басқарумен дербес бюджет енгізулі, сол арқылы жергілікті өзін-өзі басқару органдарына өзекті мәселелерді шешуде өкілеттіктерін кеңейтіп, қаржылық-экономикалық тәуелсіздік беруді тапсырған болатын, жергілікті маңызы бар мәселелер. Сонымен қатар, азаматтардың жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту арқылы шешім қабылдауға ықпал ету мүмкіндігі де бар.

Халқының саны 2000 және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер мен ауылдық округтер үшін ЖӨБ бюджетінің төртінші деңгейіне есептелетін салықтарды төлеу 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап мынадай бюджеттік сыныптама кодтарына (БСК)аударылуға жатады:

 

жалпыға бірдей белгіленген режим бойынша патент, оңайлатылған декларация негізінде қызметін жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер үшін:

 

  • 101202-төлем көзінен салық салынбайтын табыстар бойынша жеке табыс салығы (қызметті жүзеге асыру орны бойынша)

* 104302-жер салығы (объектінің орналасқан жері бойынша)

  • 105430-сыртқы көрнекі жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақы (жарнаманы орналастыру орны бойынша)

 

заңды тұлғалар үшін:

 

* 104302-жер салығы (объектінің орналасқан жері бойынша)

  • 104401-Заңды тұлғалардан алынатын көлік салығы (объектіні тіркеу орны бойынша)
  • 105430-сыртқы көрнекі жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақы (жарнаманы орналастыру орны бойынша)

 

адвокаттар, жеке сот орындаушылары, жеке нотариустар, сондай-ақ мүліктік кіріс алған жеке тұлғалар үшін:

 

  • 101202-төлем көзінен салық салынбайтын табыстар бойынша жеке табыс салығы (қызметті жүзеге асыру орны бойынша)
  • 105430-сыртқы көрнекі жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақы (жарнаманы орналастыру орны бойынша)

 

жергілікті салықтарды төлейтін жеке тұлғалар үшін:

 

  • 104102-Жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық (объектінің орналасқан жері бойынша)
  • 104402-Жеке тұлғалардан алынатын көлік салығы (жеке тұлғаның тұрғылықты жері бойынша)

 

Маңызды! Салықтарды төлем құжаттарында (түбіртектерде, төлем тапсырмаларында) аудару кезінде, сондай-ақ салық есептілігі нысандарын толтыру кезінде салық төлеушілер ауылдық округтің БСН көрсетуі тиіс.

 

Еңбекшіқазақ ауданы бойынша МКБ-ның Бас маманы: Меркибаев Ж.Е.

Тел. Анықтама үшін: 8727- 75- 7- 56 -02

 

Дата публикации
13 июля 2022
Дата обновления
13 июля 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

14 октября 2026
Сайлау округтері, олардың шекаралары, округтік сайлау комиссияларының орналасқан жерлері және құрамы
13 октября 2026
МӘСЛИХАТ - 2026
13 октября 2026
ҚР Президентінің Жарлығы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы