Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі: 5 (бес) жұмыс күні.
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: Электрондық және (немесе) қағаз түрінде тегін негізде көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі: Көрсетілетін қызметті берушінің жер учаскесіне жер пайдалану құқығын беру туралы шешімі не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап.
Жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін қызметті берушіде – 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, түскі үзіліссіз, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;
2) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Кодекске сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтініш қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
- жер учаскесін жеке меншікке сатуға арналған өтініш;
- жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);
- жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны актісі;
порталға:
- мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған жер учаскесін жеке меншікке сатуға арналған электрондық өтініш;
- жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны актісінің электрондық көшірмесі.
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға арналған негіздер: 1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы; 2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 2003 жылғы 20 маусымдағы 43-бабының 3-тармағының алтыншы бөлігімен белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.
Жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін қызметті берушіде – 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, түскі үзіліссіз, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;
2) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Кодекске сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтініш қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Толық ақпаратты Түрген ауылдық округі әкімі аппаратынан ала аласыздар.
Мекен – жайымыз: Түрген ауылы, Достық көшесі № 48а
Анықтамалық байланыс телефоны: 8 (72775) 32-1-97.
«Түрген ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ