Меню

Страницы

Статья

ХҚКО-да көрсетілетін қызметтер қолжетімді бола түсті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының коммерциялық қызметтері, соның ішінде жер учаскелерін рәсімдеу бұрынғыдан да қолжетімді бола түсті.

Енді бұл қызметтер Қазақстандағы барлық ХҚКО-ларда көрсетілетін болады. Азаматтар өздерінің барлық өтінішін бақылау мен есепке алуды қамтамасыз ететін бэк-офистермен тығыз байланыста болмауы жаңалық болып отыр. Кез келген клиент өз қалауы бойынша жеке менеджердің көмегіне жүгіне алады.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы жерге орналастыру жобасын әзірлеуден бастап жер учаскесіне акті дайындауға дейін құжаттарды рәсімдеудің толық циклін көрсетеді.
Жерді рәсімдеу бойынша ең сұранысқа ие қызметтер – жер жобаларын жасау, жер учаскелерінің шекараларын белгілеу, жер учаскелерін көлденең және биіктікте түсіру, ауыл шаруашылығы жерлерін түгендеу, аэрофототүсірілім жұмыстары, жер-кадастрлық құжаттардың көшірмелерін беру және т.б.
Бүгінде Қазақстанда жер кадастры бойынша коммерциялық қызметтерді 253 ХҚКО-да алуға болады.
Қолжетімді коммерциялық қызмет көрсететін ХҚКО-лардың толық тізімі gov4c.kz. ресми сайтында жарияланған.

Дата публикации
12 июля 2022
Дата обновления
12 июля 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
БЖЗҚ туралы өзекті сауалдар
14 октября 2026
Сайлау округтері, олардың шекаралары, округтік сайлау комиссияларының орналасқан жерлері және құрамы
13 октября 2026
МӘСЛИХАТ - 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы