Меню

Страницы

Статья

"Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату"

    1. Көрсетілетін қызметті берушінің атауы: Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері
    2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері: 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
      2) www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал).
    3. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі: 5 (бес) жұмыс күні.
    4. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: Электрондық және (немесе) қағаз түрінде.
    5. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі: Көрсетілетін қызметті берушінің жер учаскесіне жер пайдалану құқығын беру туралы шешімі не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап.
    6. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері: Тегін.
    7. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі: көрсетілетін қызметті берушіге:
      1) жер учаскесін жеке меншікке сатуға арналған өтініш;
      2) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);
      3) жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны актісі;
      порталға:
      1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған жер учаскесін жеке меншікке сатуға арналған электрондық өтініш;
      2) жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны актісінің электрондық көшірмесі
    8. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға арналған негіздер: 1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;
      2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 2003 жылғы 20 маусымдағы 43-бабының 3-тармағыныңалтыншы бөлігімен белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.

     

            Басқа да толық мәліметтерді Қаратұрық ауылдық округі әкімі аппаратынан ала аласыздар. Мекен жайымыз: Ащысай ауылы, Жібек жолы көшесі №56А,

    тел:8(72776)7 33 49

     

    Г. КАБУЛОВА

    Қаратұрық ауылдық округі әкімі аппараты бас маманы

     

     

     

     

Дата публикации
12 июля 2022
Дата обновления
12 июля 2022
Тип

Сейчас читают

21 октября 2026
БЖЗҚ туралы өзекті сауалдар
14 октября 2026
Сайлау округтері, олардың шекаралары, округтік сайлау комиссияларының орналасқан жерлері және құрамы
13 октября 2026
МӘСЛИХАТ - 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы