Меню

Страницы

Статья

«Көктөбе ауылдық округі әкімінң аппараты» мемлекеттік мекемесі "Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметін алу тәртібін хабарлайды:

Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі:

  1. Мемлекеттік қызметті облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімдері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
  2. Мемлекеттік қызметті алу үшін жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) портал арқылы көрсетілетін қызметті берушіге мыналарды ұсынады:

      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге арналған электрондық құжат нысанындағы өтініш;

      2) жер учаскесінің нысаналы мақсаты өзгерген кезде, жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнына тең соманы бюджет кірісіне төлеу, Кодекстің қажет болған жағдайда, өзгертілген нысаналы мақсат үшін 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 9-бабы 5-тармағына сәйкес кадастрлық (бағалау) құны мен осы учаске бұрын мемлекеттен сатып алынған баға арасындағы айырмаға тең соманы бюджетке төлеу қажет болған жағдайда, жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны актісінің көшірмесі.

  1. Көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері құжаттарды қабылдайды, тіркейді және оларды өтінішті қабылдаған күні көрсетілетін қызметті берушінің басшысына не оны алмастыратын адамға береді.

      Көрсетілетін қызметті алушы 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      Өтініш беруші құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші 1 (бір) жұмыс күні ішінде өтінішті қабылдаудан бас тарту дайындайды және көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті беруші басшысының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында хабарлама жолдайды.

  1. Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы не оны алмастыратын адам құжаттардың мазмұнымен танысады, қарар қояды және жер өз құзыреті шегінде 1 (бір) жұмыс күні ішінде жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органға не сәулет және қала құрылысы саласындағы құрылымдық бөлімшеге учаскесінің мақсатын өзгерту туралы өтініш жібереді.
  2. Жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның не сәулет және қала құрылысы саласындағы құрылымдық бөлімшенің жауапты орындаушысы өз құзыреті шегінде өтініш келіп түскен күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін айқындайды және оны барлық мүдделі мемлекеттік органдарға, инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету жөніндегі тиісті қызметтерге бір мезгілде келісуге жолдайды.
  3. Келісуші органдар 3 (үш) жұмыс күні ішінде жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігі туралы тиісті қорытындылар береді.
  4. Жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның немесе сәулет және қала құрылысы саласындағы құрылымдық бөлімшенің жауапты орындаушысы өз құзыреті шегінде қорытындылар келіп түскен күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін айқындайды.
  5. Жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның жауапты қызметкері материалдарды жер комиссиясының қарауына дайындайды.
  6. Жер комиссиясының қорытындысы жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту мүмкіндігі туралы ұсыныс жер комиссиясына келіп түскен сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде хаттамалық шешім нысанында екі данада жасалады.
  7. Жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның не сәулет және қала құрылысы саласындағы құрылымдық бөлімшенің жауапты орындаушысы өз құзыреті шегінде жер комиссиясының тиісті қорытындысы келіп түскен сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің тиісті шешімін әзірлейді.

      Аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімдері шешім (өкім) қабылдаған жағдайда, жер комиссиясының қорытындысы көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жіберіледі.

      11 Көрсетілетін қызметті берушінің жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы шешімі жер комиссиясының тиісті қорытындысы келіп түскен сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде қабылданады.

  1. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында тиісті шешім жолдайды.
  2. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға мыналар негіз болып табылады:

      1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;

      2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректердің және мәліметтердің Кодекстің 9-бабының 5-тармағында және 97-бабының 3-2-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

      3) мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін Кодекстің 49-1-бабының 5-тармағына сәйкес келісім туралы сұранымға келісуші органдардың теріс қорытындысы.

14.Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мерекелер туралы заң) 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі-жұма аралығында, сағат 13.00-ден 14:30-ға дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 18:30-ға дейін.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 18:30-ға дейін жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік қызмет жер учаскесінің орналасқан орны бойынша алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз, кезек тәртібімен көрсетіледі.

 

«Көктөбе ауылдық округі әкімінң аппараты»

мемлекеттік мекемесі

Дата публикации
11 июля 2022
Дата обновления
11 июля 2022
Тип

Сейчас читают

21 октября 2026
БЖЗҚ туралы өзекті сауалдар
14 октября 2026
Сайлау округтері, олардың шекаралары, округтік сайлау комиссияларының орналасқан жерлері және құрамы
13 октября 2026
МӘСЛИХАТ - 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы