2022 жылы ІI-тоқсанында Рахат ауылдық округі әкімі аппаратында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу – 7 өтініш қанағаттандырылып, тегін негізде қызмет көрсетілді, Жер учаскесін алу үшін кезекке қою 3891 –өтініш қанағаттандырылды.
Сондай-ақ, әкім аппаратында көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын ішкі бақылау жағдайы бойынша мемлекеттік қызметті сапалы көрсетуді бақылау Қағидасына сәйкес ай сайын мониторинг жүргізіледі.
«Еңбекшіқазақ» газетінің № 16, 15.04.2022 жылы «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру», № 22 от 27.05.2022 жылы Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу», сондай-ақ instagram, facebook әлеуметтік желілерде мемлекеттік көрсетілетін қызметі мақалалары жарияланды.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету уақытында көрсетілетін қызметті алушылардың тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша қандай да бір кемсітушілікке, мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде төрешілдік пен созбұйдалық көріністеріне жол беру болған жоқ. Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы есеп берушілік және ашықтық, мемлекеттік қызметтер көрсету кезіндегі үнемділік және тиімділік мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі үнемі жетілдірілуде.
Рахат ауылдық округі мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру мақсатында 3 (үш) веб-камера, 3 (үш) картридер пайдаланылуда. Ай сайын акциялар өткізіліп тұрады. «Өзіне-өзі қызмет көрсету» бұрышы арқылы 1582анықтама алынды (оның ішінде ЭЦҚ – 486).
Округ әкімі аппаратының ғимаратында халықты ақпараттандыру үшін стандарттар мен ережелер жазылған стендтер жаңартылып тұрады, сонымен бірге мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімі бар, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға мемлекеттік қызмет алу кезінде «кедергісіз орта» қалыптастыру мақсатында Брайль шрифті (нашар көретін және соқыр азаматтарға арналған жұмыс кестесі) маңдайша, пандус, тактильді жол, есту және көру қабілеті шектеулі және мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған шұғыл эвакуациялық жағдайда мүгедектер арбасын пайдалану белгілері орнатылған.
Қызметті уақтылы, әрі сапалы көрсету азаматтардың қызметке ризашылық деңгейінің артуы – мемлекеттік көрсетілетін қызметтің тиімділігін бағалау шартының негізі болып табылады. 2022 жылдың ІI тоқсанының қорытындысы бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуде бекітілген мерзімдері бұзылғаны мен азаматтардан түскен шағым болған жоқ.
Рахат ауылдық округінің әкімі м.а. Қ. Богусбаев