Меню

Страницы

Статья

«Мүгедектерді және мүгедек балаларды санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызметін көрсету бойынша

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 26 бұйрығының 2-қосымшасына сәйкес «Мүгедектерді және мүгедек балаларды санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз етуге  құжаттарды ресімдеу»  бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетіледі.  

          Санаторий-курорттық емдеуді ұсыну осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес мүгедектерді санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз етуге медициналық қарсы көрсетілімдерді ескере отырып, халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі әзірлеген ОЖБ негізінде жүзеге асырылады.

Мүгедектер немесе олардың заңды өкілдері не мүгедектің атынан санаторий-курорттық емделуді ұсыну үшін құжаттарды рәсімдеу құқығына сенімхат негізінде әрекет ететін адамдар «Мүгедектер мен мүгедек балаларды санаторий-курорттық емделумен қамтамасыз етуге құжаттарды рәсімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес өтінішті мүгедектің тұрғылықты жері бойынша:

1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының бөлімшелері;

2) аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі;

3) «электрондық үкімет» веб-порталы;

4) ұялы байланыс абоненттік құрылғысы– проактивті көрсетілетін қызмет арқылы береді.

Проактивті көрсетілетін қызмет арқылы рәсімдеу кезінде өтінішті ұсыну талап етілмейді.

Жұмыспен қамту бөлімінің жауапты қызметкерлері өтінішті қабылдау кезінде:

1) жеке басты куәландыратын құжат туралы;

2) мүгедектікті белгілеу туралы;

3)ОЖБ-да әзірленген іс-шаралар туралы мәліметтерді алу үшін «Электрондық үкімет» шлюзі арқылы мемлекеттік органдардың және  ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне мүгедектің жеке сәйкестендіру нөмірі бойынша сұрау салуларды қалыптастырады.

Ақпараттық жүйелерде мәліметтер болмаған кезде өтінішке жоғарыда көрсетілген мәліметтерді қамтитын қағаз жеткізгіштегі құжаттардың көшірмелері қоса беріледі.

Ұсынылған түпнұсқалармен құжаттардың көшірмелері салыстырылғаннан кейін өтінішті қабылдаған жауапты қызметкер тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхатқа немесе осы Қағидалардың 11-тармағына сәйкес берілетін талонға белгі қою арқылы куәландырады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.

 

Еңбекшіқазақ аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы Н. Борискина.

Дата публикации
27 июня 2022
Дата обновления
27 июня 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

14 октября 2026
Сайлау округтері, олардың шекаралары, округтік сайлау комиссияларының орналасқан жерлері және құрамы
13 октября 2026
МӘСЛИХАТ - 2026
13 октября 2026
ҚР Президентінің Жарлығы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы