Меню

Страницы

Статья

«Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерді жеке көмекшінің қызметімен қамтамасыз етуге құжаттарды рәсімдеу» мемлекеттік қызметін көрсету бойынша

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 26 бұйрығының 1-қосымшасына сәйкес «Жүріп тұруы қиын бірінші топтағы  мүгедектерді жеке көмекшінің қызметімен қамтамасыз етуге құжаттарды рәсімдеу» бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетіледі.

       Жеке көмекшінің қызметтерін ұсыну халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі осы Қағидаларға                                1-қосымшаға сәйкес жеке көмекшінің әлеуметтік қызметтерін ұсынуға медициналық көрсетілімдер мен қарсы көрсетілімдерді ескере отырып әзірлеген ОЖБ негізінде жүзеге асырылады.

       Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектер немесе олардың заңды өкілдері не мүгедектен жеке көмекшінің қызметтерін ұсыну үшін құжаттарды рәсімдеу құқығына сенімхат алған адамдар (бұдан әрі – өтініш беруші) «Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектер үшін жеке көмекшінің қызметімен қамтамасыз етуге құжаттарды рәсімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты) көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес өтінішті (бұдан әрі – өтініш) тұрғылықты жері бойынша:

1) ХҚКО «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының бөлімшелеріне;

2) Еңбекшіқазақ аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне;

3) «электрондық үкімет» веб-порталына;

4) ұялы байланыс абоненттік құрылғысына – проактивті көрсетілетін қызмет арқылы береді.

Проактивті көрсетілетін қызмет арқылы рәсімдеу кезінде өтінішті ұсыну талап етілмейді.

ХҚКО «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» немесе Еңбекшіқазақ аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне келесі құжаттарын ұсынып жүгіне алады:

1) жеке басты куәландыратын құжат туралы;

2) мүгедектікті белгілеу туралы;

3) ОЖБ-да әзірленген іс-шаралар туралы мәліметтерді алу үшін «Электрондық үкімет» шлюзі арқылы мемлекеттік органдардың және  ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне мүгедектің жеке сәйкестендіру нөмірі бойынша сұрау салуларды қалыптастырады.

Ақпараттық жүйелерде мәліметтер болмаған кезде өтінішке жоғарыда көрсетілген мәліметтерді қамтитын қағаз жеткізгіштегі құжаттардың көшірмелері қоса беріледі.

 Ұсынылған түпнұсқалармен құжаттардың көшірмелері салыстырылғаннан кейін өтінішті қабылдаған жауапты қызметкер тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхатқа немесе осы Қағидалардың 9-тармағына сәйкес берілетін талонға белгі қою арқылы куәландырады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.

 

 Еңбекшіқазақ аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы  К. Тасыбаева,

Дата публикации
27 июня 2022
Дата обновления
27 июня 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

14 октября 2026
Сайлау округтері, олардың шекаралары, округтік сайлау комиссияларының орналасқан жерлері және құрамы
13 октября 2026
МӘСЛИХАТ - 2026
13 октября 2026
ҚР Президентінің Жарлығы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы