Аталған мемлекеттік көрсетілетін қызметті «Балтабай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі көрсетеді.
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған күннен бастап – 12 (он екі) жұмыс күні;
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін барынша жол берілетін күту уақыты – 15 (он бес) минут;
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті арнайы есепке алғаны туралы хабарламасы не мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.
Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет жер учаскесінің орналасқан жері бойынша алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз, кезек тәртібімен көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі), оның ішінде жеңілдіктері бар адамдар көрсетілетін қызметті берушіге бір данада мыналарды ұсынады:
1) нысан бойынша жер учаскесін алу үшін кезекке қоюға арналған өтініш;
2) жеке басты куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін).
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға мыналар негіз болып табылады:
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;
2) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнайы құқығынан айрылуы.
Толығырақ ақпаратты "Балтабай ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ-нен мына мекен-жай бойынша алуға болады: Балтабай ауылы, Қонаев көшесі, 55а
Тел.: 8(72775)50333