«Еңбекшіқазақ ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы хабарлайды:
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Мемлекеттік қызметті алу үшін жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) портал арқылы көрсетілетін қызметті берушіге мыналарды жолдайды:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобасын бекітуге арналған өтініш;
2) электрондық жерге орналастыру жобасы. (толық)
Ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушылардан талап етуге жол берілмейді.
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға мыналар негіз болып табылады:
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректердің және мәліметтердің 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 151-бабының 4-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.
Қызметті онлайн алу ("электрондық лицензиялау" www.elicense.kz порталында)
Қызмет көрсету нәтижесі
Жер учаскесін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобасын бекіту туралы бұйрық не қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.
Толық ақпарат алу үшін Еңбекшіқазақ ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөліміне жүгінуіңізді сұраймыз: Есік қаласы, Тоқатаев көшесі, 19б тел: 87277542777