Көрсетілетін қызметті берушінің атауы: Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері.
Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері:
www.egov.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі: 13 (он үш) жұмыс күні.
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электронды түрде тегін көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі: Көрсетілетін қызметті берушінің жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешімі не мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту.
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы өтініш;
Толық ақпаратты Түрген ауылдық округі әкімі аппаратынан ала аласыздар.
Мекен – жайымыз: Түрген ауылы, Достық көшесі № 48а
Анықтамалық байланыс телефоны: 8 (72775) 32-1-97.
«Түрген ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ