1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
3. Мемлекеттік қызметті облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімдері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
4. Мемлекеттік қызметті алу үшін жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) портал арқылы көрсетілетін қызметті берушіге мыналарды ұсынады:
1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге арналған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) жер учаскесінің нысаналы мақсаты өзгерген кезде, жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнына тең соманы бюджет кірісіне төлеу, Кодекстің қажет болған жағдайда, өзгертілген нысаналы мақсат үшін 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 9-бабы 5-тармағына сәйкес кадастрлық (бағалау) құны мен осы учаске бұрын мемлекеттен сатып алынған баға арасындағы айырмаға тең соманы бюджетке төлеу қажет болған жағдайда, жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны актісінің көшірмесі.
Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды талап етуге жол берілмейді.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын қажетті құжаттар мен мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес "Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында жазылған.
Жеке басты куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не жылжымайтын мүлікке меншік құқығын растайтын дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы, жер учаскесіне құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаттары туралы, жер учаскесіне ауыртпалықтың жоқтығы туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы талап етеді.
Көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған сұранымның қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.
6. Көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдайды, тіркейді және оларды өтінішті қабылдаған күні көрсетілетін қызметті берушінің басшысына не оны алмастыратын адамға береді.
Көрсетілетін қызметті алушы 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Өтініш беруші құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші 1 (бір) жұмыс күні ішінде өтінішті қабылдаудан бас тарту дайындайды және көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті беруші басшысының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында хабарлама жолдайды.
7. Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы не оны алмастыратын адам құжаттардың мазмұнымен танысады, қарар қояды және жер өз құзыреті шегінде 1 (бір) жұмыс күні ішінде жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органға не сәулет және қала құрылысы саласындағы құрылымдық бөлімшеге учаскесінің мақсатын өзгерту туралы өтініш жібереді.
8. Жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның не сәулет және қала құрылысы саласындағы құрылымдық бөлімшенің жауапты орындаушысы өз құзыреті шегінде өтініш келіп түскен күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін айқындайды және оны барлық мүдделі мемлекеттік органдарға, инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету жөніндегі тиісті қызметтерге бір мезгілде келісуге жолдайды.
9. Келісуші органдар 3 (үш) жұмыс күні ішінде жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігі туралы тиісті қорытындылар береді.
10. Жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның немесе сәулет және қала құрылысы саласындағы құрылымдық бөлімшенің жауапты орындаушысы өз құзыреті шегінде қорытындылар келіп түскен күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін айқындайды.
11. Жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның жауапты қызметкері материалдарды жер комиссиясының қарауына дайындайды.
12. Жер комиссиясының қорытындысы жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту мүмкіндігі туралы ұсыныс жер комиссиясына келіп түскен сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде хаттамалық шешім нысанында екі данада жасалады.
13. Жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның не сәулет және қала құрылысы саласындағы құрылымдық бөлімшенің жауапты орындаушысы өз құзыреті шегінде жер комиссиясының тиісті қорытындысы келіп түскен сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің тиісті шешімін әзірлейді.
Аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімдері шешім (өкім) қабылдаған жағдайда, жер комиссиясының қорытындысы көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жіберіледі.
14 Көрсетілетін қызметті берушінің жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы шешімі жер комиссиясының тиісті қорытындысы келіп түскен сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде қабылданады.
15. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында тиісті шешім жолдайды.
16. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректердің енгізілуін қамтамасыз етеді.
17. Ақпараттық жүйе істен шыққан жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымға жауапты қызметкерін дереу хабардар етеді.
Бұл жағдайда ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымға жауапты қызметкер техникалық проблема туралы хаттама жасайды және оған көрсетілетін қызметті беруші қол қояды.
18. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға мыналар негіз болып табылады:
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректердің және мәліметтердің Кодекстің 9-бабының 5-тармағында және 97-бабының 3-2-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін Кодекстің 49-1-бабының 5-тармағына сәйкес келісім туралы сұранымға келісуші органдардың теріс қорытындысы.
3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
19. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.
20. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Заңның 4-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес сотқа жүгінеді.
Сұрақтар бойынша Бәйдібек би ауылдық округі әкімі аппаратына хабарлассаңыз болады. Тел.: +772775/56-0-12, немесе Бәйдібек би ауылы, Шевченко к-сі, 18 А мекен-жайда орналасқан әкім аппаратына жолықсаңыз болады.
«Қазақстан ауылдық округ әкімінің аппараты» ММ