Мемлекеттік қызметті алу үшін жеке және заңды тұлғалар портал арқылы:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы өтініш;
2) Кодекстің 9-бабының 5-тармағына сәйкес жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны актісінің электрондық көшірмесін, оның нысаналы мақсаты өзгерген кезде, жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнына тең соманы бюджет кірісіне төлеу, кадастрлық (бағалау) құны арасындағы айырмаға тең соманы бюджетке төлеу қажет болған жағдайда ұсынады.
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі-13 жұмыс күні.
Қызмет көрсету нысаны-электрондық.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - көрсетілетін қызметті берушінің жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешімі немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту.
Қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер:
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректер мен мәліметтердің Жер кодексінің 9-бабының 5-тармағында және 97-бабының 3-2-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) Жер кодексінің 49-1-бабының 5-тармағына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін келісу туралы сұрау салуға келісуші органдардың теріс жауабы қоса беріледі.
"Ташкенсаз ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ
Ташкенсаз ауылы, Б. Шәріпов көшесі, 14
8/72775/2-52-16