Меню

Страницы

Статья

"Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу"

Мемлекеттік қызметті берушінің атауы: Қаратұрық ауылдық округі әкімі

Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілі: www.egov.kz  «электрондық үкімет» веб-порталы

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:

Бірінші кезең: Сұратылып отырған жер учаскесінің мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін анықтау, жер учаскесінің таңдау актісін дайындау, жер комиссиясының қорытындысын беру – 12 жұмыс күні ішінде

Екінші кезең: сатып алу – сату не уақытша өтеулі (өтеусіз)  жер пайдалану шартын қоса бере отырып, жер учаскесіне құқық беру туралы шешім шығару -бекітілген жерге орналастыру жобасы келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде.

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі: жер учаскесіне құқық беру туралы ауылдық округі әкімінің шешімі немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері: тегін

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

Бірінші кезең: 1. электрондық өтінім  2. Сұралып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспар)

Екінші кезең: бекітілген жерге орналастыру жобасы

ҚР заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға арналған негіздер: көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және олардағы деректердің дұрыс еместігін анықтау.
     Басқа да толық мәліметтерді Қаратұрық ауылдық округі әкімі аппаратынан ала аласыздар, Мекен жайы: Ащысай ауылы, Жібек жолы көшесі 56А
тел: 8 (72776) 7-33-49 Қаратұрық ауылдық округі әкімінің аппараты


Дата публикации
21 июня 2022
Дата обновления
21 июня 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
БЖЗҚ туралы өзекті сауалдар
14 октября 2026
Сайлау округтері, олардың шекаралары, округтік сайлау комиссияларының орналасқан жерлері және құрамы
13 октября 2026
МӘСЛИХАТ - 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы