Меню

Страницы

Статья

Түсіндірме жазбаша хат

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту» № 138 қаулысына сәйкес, тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып,  2022 жылдың маусым айының 6 –күні сағат 11:00 –де Есік қаласы әкімінің аппараты ғимаратында Есік қаласындағы Торговый көшесін Идан Момынұлы Бағжанов есіміне өзгерту туралы мәселе қаралатындығын хабарлаймыз.   

Идан Момынұлы Бағжанов (азан шақырып қойған аты Иманмұхаммед аты ауыр деп Идан аталып кеткен) 1951 жылы 9 мамыр күні Талдықорған облысы, бұрынғы Гвардия ауданы, Қоянкөз ауылында дүниеге келген.

1976 жылы Еңбекшіқазақ аудандық мәдениет бөлімінің автоклуб меңгерушісі болып жұмысқа орналасып, инструктор, методист, мәдениет үйінің директоры, аудандық кинофикацияның басшысы, аудандық мәдениет бөлімінің бастығы болып қызмет атқарды.

Аудандық мәдениет бөлімін басқарған кезінде ең бірінші кадр жинаудан бастайды, қарамағында істейтін қызметкерлеріне үй алу үшін бірнеше маманға ссуда алуға атсалысқан. Қаскелең қаласыңдағы мәдениет ағарту училищесінің директорымен шартқа отырып мәдениет үйіндегі жас мамандардың арнайы білім алуына көмектеседі. Жібек жолы фольклорлық ансамбльінің негізін қалаған, халық оркестрінің жұмысын қайта жандандырған.

Облыстық мәдениет басқармасының бастығы К.Жәшібекованың сұрауымен музей жұмысын жүргізу мақсатында И.Бағжанов 1993 жылы 17 тамызда музейге директор болып ауыстырылды. Сол күннен бастап музей қызметкерлері қабылданып, құжаттары толтырылып, мөрі алынып қолда бар экспонаттардың тіркеу жұмыстары жүргізіледі.

Елбасы 1998 жылды «Тарих» жылы деп атады. Осыған орай елімізде туризмді дамыту мақсатында «Ашық аспан астындағы мұражай» концепциясын жасап ұсынды.

1999 жылы мамыр айынан Есік қорғандарында «Ашық аспан астындағы мұражай» өз жұмысын бастады. Жұмыс үш қорғанға кесінді жасаудан басталды. Арнайы қаржы бөлінбегендіктен ауданымыздың 17 мекеме  басшыларынан құрылтайшылар тобы құрылды. Ол кейін «Алтын адам ассосациясы» аталды. Идан Момынұлы осы үлкен бастаманың ұйымдатырушысы, ұйытқысы болған.  Қазір осы бастаманың арқасында Есік қорғандарында «Тарихи - мәдени қорық мұражайы»  Идан Момынұлының еңбегінің дәлелі.

Мәдениет саласында қызмет еткен 30 жыл ішінде, Еңбекшіқазақ ауданында 26 жыл еңбек еткен. 16 жыл мәдениет саласында қызмет етсе,10 жыл музей директоры болып қызмет етті. 26 жыл аралығында мәдениет саласында қызмет еткен еңбегі аудан, облыс басшыларымен бағаланып отырды.  Мәдениет саласында өз ізін қалдырған тұлға.

Идан Момынұлы Бағжанов 2002 жылдың 29 маусымында 51 жасында дүниеден өтті.

Дата публикации
06 мая 2022
Дата обновления
06 мая 2022
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

21 октября 2026
БЖЗҚ туралы өзекті сауалдар
14 октября 2026
Сайлау округтері, олардың шекаралары, округтік сайлау комиссияларының орналасқан жерлері және құрамы
13 октября 2026
МӘСЛИХАТ - 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы