Әрбір ер адамның өмірінде әскерде мерзімді әскери қызмет өткеретін кезең келеді. Өзің тұрып жатқан үйің мен жеріңді қорғай білу – Қазақстан Республикасының азаматы және отбасының тірегі ретіндегі әрбір ер адамның бойындағы қажетті қасиет.
Ауданымызда көктемгі әскерге шақыру науқаны қызу жүріп жатыр. Бірінші наурыздан бастап 18 жасқа толған азаматтар жергілікті әскери басқару органдарында медициналық комиссиядан, психологиялық тесттерден және жеке әңгімелесуден өтуде. Заңға сәйкес, әскерге шақыруды негізсіз кейінге қалдыруға немесе босатуға болмайды. 18 бен 27 жасқа дейінгі Қазақстан азаматы міндетті түрде әскерге шақырылады.
Бірінші кезекте Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті Шекара қызметінің, Мемлекеттік күзет қызметінің бөлімшелері, содан кейін – Қарулы Күштердің, Төтенше жағдайлар министрлігінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери бөлімдері жасақталады.
Қазақстанда мерзімді әскери қызметке шақыру науқаны көктемде және күзде жүргізіледі. 2022 жылғы көктемгі әскерге шақыру алдында ауданымыздың жергілікті әскери басқару органында жастарды алдын ала зердедеу жұмыстарын бастайды. Жеке істерді зерделеу кезінде әскерге шақырылатындардың сауалнама деректері анықталып, әрбір жас азаматпен және оның ата-аналарымен әңгімелеседі. Зерделеу барысында әскерге келетіндердің алған мамандықтары міндетті түрде ескеріліп, сонымен қоса олардың моральдық және іскерлік қасиеттері, денсаулық жағдайы, дене бітімі, жалпы білімі, арнайы дайындығы мен отбасы жағдайы жөніндегі мәлімет нақтыланады. «Азаматтарды әскерге шықыру қағидаларына сәйкес, біздің жергілікті әскери басқару органына әскерге шақыралатындарды зерделеу жұмыстары жүктелген. Осыған байланысты зерделеудің мақсатына тоқталсақ, жігіттің денсаулығы, білімі және басқа да қырлары ескеріліп, әскерге жіберіледі. Сонымен қатар зерделеу кезінде олардың сотты болуы немесе болмағаны назарға алынады. Бұл жұмыстардың мақсаты – әскерге азаматтарды іріктеуді сапалы жүргізу.
Елімізді қорғау әрбір азаматтың қасиетті борышы және конституциялық міндеті болып табылады. Әскери қызметке шақырылуға жататын азаматтар жергілікті әскери басқару органының шақыру қағазы бойынша шақыру комиссиясына келуге міндетті. Шақыру қағазын азаматтың жеке өзіне тапсыру мүмкін болмаған жағдайда оның келуін қамтамасыз ету тиісті ішкі істер органына жүктеледі. Әскери міндетті орындаудан жалтарған адамдарды іздестіруді де ішкі істер органдары жүзеге асырады. Бұл ретте, әскери қызметтен жалтару Қылмыстық кодекстің 387-бабы бойынша қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғады, онда 1000 АЕК-ке дейінгі айыппұлдан бастап 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға дейін жаза көзделген. Баяндалғанды ескере отырып, азаматтарды саналы болуға, ал жұртшылықты жүргізіліп жатқан шақыру науқанына түсіністікпен қарауға шақырамыз!