Меню

Страницы

Статья

"Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары

Мемлекеттік қызметті «Тескенсу ауылдық округі әкімінің аппараты» көрсетеді.

Мемлекеттік қызметті алу үшін жеке және заңды тұлғалар мыналарды жолдайды:

      1) нысан бойынша жер учаскесін жеке меншікке сатуға арналған өтініш;

      2) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);

      3) жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны актісі;

порталға:

      1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған жер учаскесін жеке меншікке сатуға арналған электрондық өтініш;

      2) жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны актісінің электрондық көшірмесі.

Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға мыналар негіз болып табылады:

      1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;

      2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 2003 жылғы 20 маусымдағы 43-бабының 3-тармағының алтыншы бөлігімен белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.

Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы ұсынылған құжаттарды келіп түскен күні қарайды және оларды өтініш келіп түскен күні жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның басшысына орындау үшін жолдайды.

      Уәкілетті органның басшысы 1 (бір) сағат ішінде құжаттарды қарайды және жауапты орындаушыны айқындайды.

      Уәкілетті органның жауапты орындаушысы 2 (екі) жұмыс күні ішінде кадастрлық құжаттамасы бойынша жер учаскесін сәйкестендіреді және жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру туралы шешімнің жобасын не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап дайындайды.

       Уәкілетті органның басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру туралы шешімнің жобасын не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауапты келіседі.

      Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру туралы шешімге немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауапқа қол қояды.

 

 Толығырақ ақпаратты «Тескенсу ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ алуға болады.

Мекен жайымыз: Тескенсу ауылы, Розыбакиев көшесі құрылыс №25, телефон: 87277674049

Дата публикации
14 июня 2022
Дата обновления
14 июня 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
БЖЗҚ туралы өзекті сауалдар
14 октября 2026
Сайлау округтері, олардың шекаралары, округтік сайлау комиссияларының орналасқан жерлері және құрамы
13 октября 2026
МӘСЛИХАТ - 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы