Қажетті құжаттар порталға: осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қағидасының 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
- егер бұзу мердігерлік тәсілмен орындалса, мердігерлік жұмыстарға арналған шарттың электрондық көшірмесі ұсынылады;
- егер жылжымайтын мүлік объектісінде бірнеше меншік иесі болған жағдайда, объектінің басқа меншік иелерінің кейіннен кәдеге жарату (құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін және оның параметрлерін жүргізуге нотариалды куәландырылған жазбаша келісімінің электрондық көшірмесін ұсыну қажет;
- егер құрылыстарды бұзу жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізу олардың мүдделерін қозғайтын болса, үй-жайлардың (үй бөліктерінің) сабақтас меншік иелерінің нотариалды куәландырылған жазбаша келісімінің электрондық көшірмесін ұсыну қажет;
- ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарауды жүзеге асыру құқығына тиісті аттестаты бар сарапшы не құрамында аттестатталған сарапшылары бар аккредиттелген ұйым берген ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау жөніндегі сараптамалық қорытындының электрондық көшірмесі;
- ЖЖЖ ("Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 74-бабының 1-тармағында көрсетілген объектілер бойынша қажет емес)/жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасының электрондық көшірмесі;
- объект авариялық деп танылған жағдайда, жергілікті атқарушы орган құратын ведомствоаралық комиссияның Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2012 жылдың 29 желтоқсанында № 795 бұйрығымен бекітілген Авариялық көп пәтерлі тұрғын үйлерді бұзу жөніндегі әдістемелік ұсынымдардың А қосымшасына сәйкес бұзу туралы тиісті қорытындының электрондық көшірмесі.
Қызмет көрсету мерзімі: портал арқылы өтініш берген кезде техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі емес объектілерді кейіннен кәдеге жарату (құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап – 5 (бес) жұмыс күні;
2) портал арқылы өтініш берген кезде техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілерді кейіннен кәдеге жарату (құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап – 10 (он бес) жұмыс күні.
Қызмет көрсету нәтижесі: Объектілерді кейіннен кәдеге жарату (құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге рұқсат беру немесе осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы өтініш берген кезде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жолданады.
Жұмыс кестесі: Еңбекшіқазақ аудан әкімінің аппараты – 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі-Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі- жұма аралығында, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Порталдың- жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде, өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Байланыс телефоны: 87277520597
Еңбекшіқазақ аудан әкімінің аппараты