Мемлекеттік қызметін көрсету тәртібі
Мемлекеттік қызметті алу үшін жеке және заңды тұлғалар портал арқылы көрсетілетін қызметті берушіге мыналарды жолдайды:
бірінші кезең:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беруге арналған өтініш;
2) жер учаскесінің орналасқан жері схемасының электрондық көшірмесі.
Екінші кезең: түпкілікті келісілген таңдау актісі.
Ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушылардан талап етуге жол берілмейді.
Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті екі кезеңде көрсетеді.
Бірінші кезең: жер учаскесін таңдау актісін, оның ахуалдық схемасымен, сәулет-жоспарлау тапсырмасын дайындау – 28 жұмыс күні ішінде:
Екінші кезең: көрсетілетін қызметті алушы түпкілікті таңдау актісін келіскен және жер-кадастрлық жұмыстар бойынша көрсетілетін қызметтерге ақы төлеген кезде – 18 жұмыс күні ішінде жер учаскесіне жер пайдалану құқығын беру туралы шешім шығару:
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға мыналар негіз болып табылады:
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және олардағы деректердің дұрыс еместігінің анықталуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректердің және мәліметтердің талаптарға сәйкес келмеуі;
3) Мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін келісу туралы сұранымға келісуші органдардың теріс жауабы.
Басқа да толық мәліметтерді Шелек ауылдық округі әкімі аппаратынан ала аласыздар, Мекен жайы: Шелек ауылы, Жібек жолы көшесі 40, тел: 8 (72776) 2-01-55
Шелек ауылдық округі әкімінің аппараты