Меню

Страницы

Статья

«Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну» мемлекеттік қызметі туралы

    1. Мемлекеттік қызметті – «Аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі ұсынады.

     

    1. Мемлекеттік қызмет:

    1) Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шiлдедегi «Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы» Заңының 18-бабының 8-тармағы;

    2) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің  2014 жылғы 6 қарашадағы  №72 «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы негізінде көрсетіледі. (30.09.2020 жылы №72 бұйрықпен соңғы өзгерістер енгізілді);

     

    1. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны:

    - Электронды/ қағаз түрінде.

     

    1. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:
    • Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі - әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну туралы келісімді жасасу үшін жүгіну қажеттігі туралы, есепке алу және кезектілікке қою туралы хабарлама немесе әлеуметтiк қолдау шараларын ұсынудан дәлелді бас тарту.
    • Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электронды/ қағаз түрінде.
    • Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

     

    1. Қажетті құжаттар тізбесі:
    2. көтерме жәрдемақы алған кезде:

    1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;

    2) жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);

    3) бiлiмi туралы дипломының көшiрмесi;

    4) көрсетілетін қызметті алушының еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесi;

    1. тұрғын үй сатып алуға/салуға бюджеттік кредит алған кезде:

    1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;

    2) жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);

    3) бiлiмi туралы дипломының көшiрмесi;

    4) көрсетілетін қызметті алушының еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесi;

    5) сәйкестендіру үшін неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (некеде тұрған көрсетілетін қызметті алушылар үшін);

    6) Кредиттік бюродан есеп;

    1. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және  мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13-00-ден 14-30-ға дейін түскі үзіліспен, сағат 9-00-ден 18-30-ға дейін көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі.

     «Еңбекшіқазақ ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі. Есік қаласы, Жамбыл даңғылы 21 а, «Сервистік әкімдік» ашық алаңы. Тел: 7-21-82, 7-20-19. 

Дата публикации
01 июня 2022
Дата обновления
01 июня 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
БЖЗҚ туралы өзекті сауалдар
14 октября 2026
Сайлау округтері, олардың шекаралары, округтік сайлау комиссияларының орналасқан жерлері және құрамы
13 октября 2026
МӘСЛИХАТ - 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы