Меню

Страницы

Статья

Азаматтық бақылау-Чекті талап ет

Салық төлеушілердің белгілі бір санатын қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында ақшалай есеп айырысулар міндетті түрде бақылау-касса машиналарын қолдана отырып жүргізіледі.

БКМ чегін бермеу кірістерді жасыруға, тиесілі салықтарды төлемеуге әкеледі, бұл сайып келгенде тұтастай көлеңкелі экономика көлемінің ұлғаюына әкеледі.

Баяндалғанның негізінде, өз табыстарын жасыратын тұлғаларды анықтау үшін БКМ фискалдық чектерін бермеу жолымен Қазақстан Республикасының тұрғындары арасында "Азаматтық бақылау – Чекті талап ет" акциясы өткізіледі.

БКМ фискалды чегінің берілмегені туралы немесе Төлем карталары бойынша төлемді қабылдаудан бас тартқаны туралы хабарлаған тұлғаларға сыйақы төленетін болады. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады.

"Азаматтық бақылау-Чекті талап ет" акциясына кез келген ниет білдіруші қатыса алады. Барлық жіберілген өтініштерді Мемлекеттік кірістер органдары қарайтын болады.

Фискалдық чекті бермеу немесе Төлем карталары бойынша төлемді қабылдаудан бас тарту фактілері туралы App Store немесе Play market-тен "WIPON CASHBACK" тегін мобильді қосымшасын жүктеу арқылы хабарлауға және фискалдық чекті бермеу фактісі расталған жағдайда телефон теңгеріміне 1000 теңге сыйақы алуға болады.

Кәсіпкер туралы мәліметтерді сәйкестендіру үшін сатып алушы кәсіпкердің кассалық аймағында орналасқан QR-кодтан алынған ақпаратты есептей алады.

Еңбекшіқазақ ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы баршаны өзінің азаматтық ұстанымын білдіруге, заңды бұзуға нөлдік төзімділік танытуға және "Азаматтық бақылау – Чекті талап ет" акциясына белсенді қатысуға шақырады.

Еңбекшіқазақ ауданы бойынша МКБ-ның

салық төлеушілермен жұмыс бөлімінің басшысы

Г.Кудайбердиев

Дата публикации
27 мая 2022
Дата обновления
27 мая 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
БЖЗҚ туралы өзекті сауалдар
14 октября 2026
Сайлау округтері, олардың шекаралары, округтік сайлау комиссияларының орналасқан жерлері және құрамы
13 октября 2026
МӘСЛИХАТ - 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы