Меню

Страницы

Статья

«Азаматтық бақылау-чекті талап ет»

        "Қазақстан Республикасының аумағында ақшалай есеп айырысу салық төлеушілердің белгілі бір санатын қоспағанда, бақылау-касса машиналарын (БКМ) міндетті түрде қолдана отырып жүргізіледі.

        БКМ чегін бермеу кірістерді жасыруға, тиесілі салықтарды төлемеуге әкеледі, бұл ақыр соңында тұтастай алғанда көлеңкелі экономика көлемінің ұлғаюына әкеледі.

Баяндалғанның негізінде өз табыстарын жасыратын тұлғаларды анықтау үшін БКМ фискалдық чектерін бермеу жолымен Қазақстан Республикасы халқының арасында      «Азаматтық бақылау - чекті талап ет» акциясы өткізіледі. БКМ фискалдық чегін бермеу туралы немесе төлем карталары бойынша төлемді қабылдаудан бас тарту туралы хабарлаған тұлғаларға сыйақы төленетін болады. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінен хабарлады.

        «Азаматтық бақылау - чекті талап ет» акциясына кез келген адам қатыса алады. Барлық жолданған өтініштер мемлекеттік кірістер органдарымен қаралатын болады.

       Төлем карточкалары бойынша төлем жасаудан бас тарту немесе фискалдық чекті бермеу фактілерін бұзу фактілерін App Store және Play Market-тен тегін «WIPON CASHBACK» мобильдік қосымшасын жүктеп алып, фискалдық чекті бермеу фактісін растаған жағдайда телефон балансына сыйақы (1000 теңге) алуға болады.

        Кәсіпкер туралы мәліметтерді сәйкестендіру үшін сатып алушы кәсіпкердің кассалық аймағында орналастырылған QR-кодтан алынған ақпаратты есептей алады.

       Еңбекшіқазақ ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы азаматтарды азаматтық ұстанымдарын білдіруге, заңды бұзуға нөлдік төзімділік танытуға және «Азаматтық бақылау - чекті талап ет» акциясына белсенді қатысуға шақырады.

 

Еңбекшіқазақ ауданы бойынша МКБ-ның

өндірістік емес төлемдерді және ЖК әкімшілендіру

бөлімінің бас маманы

Д.Доспанбетов

Дата публикации
19 мая 2022
Дата обновления
19 мая 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

14 октября 2026
Сайлау округтері, олардың шекаралары, округтік сайлау комиссияларының орналасқан жерлері және құрамы
13 октября 2026
МӘСЛИХАТ - 2026
13 октября 2026
ҚР Президентінің Жарлығы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы