Зейнетақы жасына жеткен және БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар 175 мыңнан астам салымшы (алушы) төлем алуға өтініш білдірмеген
БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін проактивті форматта тағайындау мақсатында аталған салымшылардың (алушылардың) телефон нөмірлеріне нұсқау берілген sms-хабарлама жолданатын болады.
Назар аударамыз:
🔹проактивті қызметті алу кезінде БЖЗҚ-ға немесе ХҚКО-ға жүгіну және құжаттарды тапсыру талап етілмейді;
🔹БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшері мен мерзімі салымшының (алушының) зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтарының қалдығына байланысты.