1️⃣-тәсіл. Жеке кабинетке кіру (enpf.kz сайтында немесе ұялы мобильді қосымшада), «Қызметтер» бөліміне өту, одан әрі «Деректемелерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу» тармағын таңдау қажет. Қызметті алу үшін ЭЦҚ қажет;
2️⃣-тәсіл. БЖЗҚ-ның кез келген бөлімшесіне бару;
3️⃣-тәсіл. Қызметті «Қазпошта» АҚ бөлімшелерінен алу. Осы қызметті көрсететін бөлімшелердің тізімі enpf.kz сайтында «Қызметтер», әрі қарай «Қазпошта» АҚ-мен ынтымақтастық» бөлімінде жарияланған.
❗️Жеке куәлікті ауыстыру кезінде деректемелердің өзгеруі
БЖЗҚ жеке басты куәландыратын құжаттың деректемелері туралы мәліметтерді ҚР Әділет министрлігінің «Жеке тұлғалар» мемлекеттік деректер қорынан алады. Сондықтан деректерді өзектендіру үшін БЖЗҚ-ға жүгінудің қажеті жоқ, олар жүйеде автоматты түрде жаңартылады.