Меню

Страницы

Статья

Зейнетақы жинақтары – бұл зейнетақы жарналары мен оларға есептелген инвестициялық кірістің сомасы.

Инвестициялық кіріс – бұл зейнетақы жинақтарының қаражатын инвестициялау нәтижесінде алынған табыс. Зейнетақы активтерін ҚР Ұлттық Банкі және салымшының таңдауы бойынша жеке инвестициялық компаниялар басқарады. Зейнетақы жинақтары түрлі қаржы құралдарына (бағалы қағаздар, шетел валюталары және т.б.) инвестицияланады. Әлемдегі экономикалық жағдайға байланысты қаржы құралдарының құны үнемі өзгеріп отырады. Сондықтан инвестициялық кіріс ұлғаюы да, азаюы да мүмкін. Егер жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірмені мұқият қарасаңыз, онда инвестициялық кіріс сомасының өзгеретінін, ал іс жүзінде енгізілген зейнетақы жарналарының сомасы өзгеріссіз қалатынын көруге болады.Зейнетақы активтерінің құнын қайта бағалау аптаның бірінші жұмыс күнінің соңындағы және айдың соңғы күнтізбелік күнінің аяғындағы жағдай бойынша апта сайын жүзеге асырылады. Яғни, "жаңа" инвестициялық кірісті есептеуді осы күндері қадағалауға болады.Зейнетақы жинақтары – бұл ұзақ мерзімді инвестициялар екенін атап өту маңызды және инвестициялық кірістің мөлшерін кемінде бір жыл кезең кезеңінде талдау орынды. Қысқа мерзімді деректер (апта сайынғы, ай сайынғы және т.б.) – айқын нәтиже көрсетпейді, өйткені, ол нарықтың үнемі құбылмалығына тәуелді.

Дата публикации
18 мая 2022
Дата обновления
18 мая 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

14 октября 2026
Сайлау округтері, олардың шекаралары, округтік сайлау комиссияларының орналасқан жерлері және құрамы
13 октября 2026
МӘСЛИХАТ - 2026
13 октября 2026
ҚР Президентінің Жарлығы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы