Меню

Страницы

Статья

Зейнетақы жинақтарының сақталуына кепiлдiк

Қазақстанда зейнетақы төлемдерін алуға құқық басталған кездегі инфляция деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген сомалар мөлшерінде міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ, МКЗЖ) түрлерінің сақталуына мемлекеттік кепілдіктің бірегей моделі жұмыс істейді.

Басқаша айтқанда, адам зейнетке шыққан кезде жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысудың бүкіл кезеңіндегі инфляция ескеріле отырып, оның зейнетақы шотындағы кірістілік есептеледі.

Айталық, зейнетақы жүйесіне қатысушының міндетті зейнетақы жарналарының сомасы 5 000 000 теңге. Зейнет жасына жеткен сәттегі инфляцияны ескергенде бұл 6 000 000 теңге.

Егер инвестициялық кірісті ескере отырып, жинақ сомасы 6 000 000 теңгеден асатын болса, онда бұл жағдайда кепілдік өтем берілмейді.

Егер инвестициялық табысты есепке алғандағы жинақ сомасы 6 000 000 теңгеден кем болса, мәселен 5 900 000 теңге, мұндай салымшы 100 000 теңге мөлшерінде кепілдік өтем алады.

👉 Зейнетақы жинақтарын жеке басқарушы компаниялардың басқаруына аударған кезде мемлекет кепілдігі басқарушы компанияның зейнетақы активтері кірістілігінің ең төменгі деңгейін қамтамасыз ету жөніндегі кепілдігімен алмастырылады.

❗️ Мемлекеттік кепілдік бойынша айырма төлемін, төлем алуға құжаттар ресімдеуді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы жүзеге асырады.

Дата публикации
18 мая 2022
Дата обновления
18 мая 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

14 октября 2026
Сайлау округтері, олардың шекаралары, округтік сайлау комиссияларының орналасқан жерлері және құрамы
13 октября 2026
МӘСЛИХАТ - 2026
13 октября 2026
ҚР Президентінің Жарлығы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы