283-бап. Шарап материалын, сыраны және сыра ішімдігін қоспағанда, алкоголь өнімін есепке алу-бақылау маркаларымен және темекі өнімдерін акциздік маркалармен таңбалау (қайта таңбалау) қағидаларын бұзу.
құқық бұзушылықтың тікелей нысанасы болып табылған акцизделетін тауарлар тәркілене отырып, сондай-ақ лицензиядан айыра отырып, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
құқық бұзушылықтың тікелей нысанасы болып табылған акцизделетін тауарлар тәркілене отырып, сондай-ақ лицензиядан айыра отырып, жеке тұлғаларға – елу, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша МКБ-ның
құқықтық және ұйымдастыру
жұмысы бөлімінің бас маманы
А.Исаев