Меню

Страницы

Статья

ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР МҮЛІК САЛЫҒЫ

Мыналар мүлік салығын төлеушілер болып табылады Қазақстан Республикасының аумағында меншiк, шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығында салық салу объектiсi бар заңды тұлғалар;

Заңды тұлға өз шешімімен өзінің құрылымдық бөлімшесін мүлік салығын өз бетінше төлеуші деп тануға құқылы.

      Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, заңды тұлғаның осындай тану немесе осындай тануды тоқтату туралы шешімі осындай шешім қабылданған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Егер жаңадан құрылған заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі мүлік салығын өз бетінше төлеуші деп танылса, онда заңды тұлғаның осындай тану туралы шешімі осы құрылымдық бөлімше құрылған күннен бастап немесе осы құрылымдық бөлімше құрылған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

Мүлiк салығын төлеушiлер болып табылмайды:

  • салық төлеушілер өзінің ауыл шаруашылығы өнімін өндіру, сақтау және қайта өңдеу процесінде тікелей пайдаланылмайтын салық салу объектілері бойынша мүлік салығын осы бөлімде айқындалған тәртіппен төлейді;
  • мемлекеттiк мекемелер және орта білім беретін мемлекеттік оқу орындары;
  • қылмыстық жазаларды атқару саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органның түзеу мекемелерiнiң мемлекеттiк кәсiпорындары;
  • дiни бiрлестiктер.

Осы заңды тұлғалар (қылмыстық жазаларды атқару саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органның түзеу мекемелерiнiң мемлекеттiк кәсiпорындары; дiни бiрлестiктер) пайдалануға, сенімгерлік басқаруға немесе жалға берілген салық салу объектілері бойынша салық төлеушілер болып табылады.

Жекелеген жағдайларда салық төлеушiнi айқындау

Мемлекеттік мекеме салық салу объектiсiн сенімгерлiк басқаруға берген кезде салық төлеушi

Егер салық салу объектiсi, пайлық инвестициялық қор активтерiнiң құрамына кiретiн салық салу объектiлерiн қоспағанда, бiрнеше тұлғаның ортақ үлестiк меншiгiнде болса, осы тұлғалардың әрқайсысы салық төлеушi деп танылады.

Ортақ бiрлескен меншiктегi салық салу объектiлерi бойынша осы салық салу объектiлерi меншiк иелерiнің бiрi олардың арасындағы келiсу бойынша салық төлеушi бола алады.

Қаржылық лизингке берiлген объектiлер бойынша лизинг алушы салық төлеушi болып табылады.

Пайлық инвестициялық қор активтерiнiң құрамына кiретiн салық салу объектiлерi бойынша пайлық инвестициялық қорды басқарушы компания салық төлеушi болып табылады.

Мемлекеттiк тiркеуге жататын ғимараттарға, құрылыстарға құқықтардың осындай тіркелуі болмаған жағдайда:

      1) жаңадан тұрғызылған (салынған) объектілер үшін – мемлекеттік қабылдау комиссиясының актісі және (немесе) салынған объектіні пайдалануға қабылдау (іске қосу) актісі;

      2) қалған жағдайларда – азаматтық-құқықтық мәмілелер негізінде немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де негіздерде осы объектіні іс жүзінде иеленетін және пайдаланатын (іске қосатын) тұлға мұндай объектіге салық төлеуші болып танылады.

 

Еңбекшіқазақ ауданы бойынша МКБ-ның

заңды тұлғаларды әкімшілендіру бөлімінің бас маманы Газамова Г.А.

Дата публикации
17 мая 2022
Дата обновления
17 мая 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
БЖЗҚ туралы өзекті сауалдар
14 октября 2026
Сайлау округтері, олардың шекаралары, округтік сайлау комиссияларының орналасқан жерлері және құрамы
13 октября 2026
МӘСЛИХАТ - 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы