Меню

Страницы

Статья

Бақылау-касса машинасының фискалды түбіртегін бермегені туралы хабарлаған тұлғаларға сыйақы төленеді

Бақылау-касса машинасының фискалды түбіртегін берілмегені туралы немесе төлем карталары бойынша төлемді қабылдаудан бас тарту туралы хабарлаған Қазақстан Республикасының тұрғындары арасында «Азаматтық бақылау – түбіртекті талап ет» акциясы өткізіле бастады. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде хабарлады.

Мемлекет басшысының өзін-өзі реттеу, қоғамдық бақылау тетіктерін мораторий қолдану кезеңінде жандандыру туралы тапсырмаларына сәйкес Мемлекеттік кірістер комитеті бақылау-касса машинасының фискалдық түбертектерін бермеу не төлем карталары бойынша төлемді қабылдаудан бас тарту фактілерін анықтау үшін 2021 жылғы 20 қазаннан бастап «Азаматтық бақылау-Түбіртекті талап ет» акциясының қайта басталды.

«Азаматтық бақылау - түбіртекті талап ет» акциясына кез келген ниет білдіруші азамат қатыса алады. Барлық жіберілген өтініштер мемлекеттік кірістер органдарымен қарастырылатын болады.

Көптеген сатып алушылар   сатушылардың чек бермеуге тиісті мән бермейді, чек бермеу нақты кірісті төмен бағалануына ықпал етеді.

Фискалдық түбіртекті бермеу немесе төлем карталары бойынша төлемді қабылдаудан бас тарту фактілері туралы App Store және Play market-тен «WIPON CASHBACK» тегін мобильді қосымшасын жүктеу арқылы хабарлауға және фискалдық түбіртекті бермеу фактісі расталған жағдайда телефон теңгеріміне сыйақы (жеке табыс салығы шегеріле отырып 1000 теңге) алуға болады.

Кәсіпкер туралы ақпаратты білу үшін (идентификациялау) салып алушы кассаның жанында орналасқан QR-кодты сканерлеуге болады.

Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының барлық азаматтарын өздерінің азаматтық ұстанымдарын білдіруге, заңды бұзушыларға бей-жай қарамауға және «Азаматтық бақылау - түбіртекті талап ет» акциясына белсенді қатысуға шақырады.

Бейнероликті мына сілтеме бойынша көруге болады:

https://youtu.be/NFJs5RKGIIQ

 

Еңбекшіқазақ ауданы бойынша МКБ-ның

заңды тұлғаларды әкімшілендіру бөлімінің

бас маманы Газамова Г.А

 

Дата публикации
17 мая 2022
Дата обновления
17 мая 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

14 октября 2026
Сайлау округтері, олардың шекаралары, округтік сайлау комиссияларының орналасқан жерлері және құрамы
13 октября 2026
МӘСЛИХАТ - 2026
13 октября 2026
ҚР Президентінің Жарлығы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы