Ағымдағы жылдың 13 мамыр күні Еңбекшіқазақ ауданда мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында туындаған түйінді мәселелерді және кемшіліктерді қарау жөніндегі Ведомствоаралық комиссияның жұмыс сапарларын өткізу кестесіне сәйкес аудан әкімдігінің ведомствоаралық комиссия мүшелері Алматы облыстық мәслихатының депутаты, «Amanat» партиясының мүшесі Ерік Әзілжанұлы Әбитовпен бірге мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру, оның ішінде мемлекеттік қызметті алу кезінде "кедергісіз орта" құру мақсатында Саймасай және Жаңашар ауылдық округі әкімдері аппараттарында қоғамдық мониторинг жүргізілді. Жұмыс сапарының нәтижесінде Қазақстан Республикасының мүгедектердің құқықтарын қорғау және мемлекеттік қызметтер көрсету саласы заңнамасында көптеген бұзушылықтар анықталды (нашар еститін және саңырау адамдарды, сондай-ақ көру қабілеті нашар, арбамен жүретін мүгедектерді шұғыл эвакуациялау схемасының және мемлекеттік органдарда мүгедектерге бірінші кезекте қызмет көрсету туралы тақтайшаның болмауы, пандустар белгіленген нормаларға сәйкес келмейді). Барлық анықталған бұзушылықтар бойынша көрсетілетін қызметті берушілерге тиісті ұсынымдар мен оларды орындау мерзімі берілді.
Еңбекшіқазақ ауданы әкімі аппаратының
мемлекеттік қызметтер мониторингі
және ақпараттық технологиялар бөлімі