Салық төлеушінің төлқұжатын (QR-кодты) Комитеттің веб-порталы арқылы алу үшін https://kgd.gov.kz) салық төлеуші порталдың "ақпараттық ресурстары" қосымша бетінде белсенді терезеде ЖСН/БСН, бақылау-касса машинасының тіркеу нөмірін енгізу, "басып шығару"батырмасын басу арқылы QR-кодты қалыптастырады.
Алынған QR-код (штрих-код) бақылау-касса машиналарының тікелей орналасқан және халықты хабардар ету үшін жалпыға бірдей қолжетімді орындарда орналастырылуы тиіс (түрлі-түсті форматта). QR-код кәсіпкерді фискалды чек берілмеген, Тауарлар үшін төлемді банк картасымен қабылдаудан бас тартқан жағдайда сатып алушылармен сәйкестендіру үшін қажет. Аталған жағдайларда Сатып алушы шағымды "Wipon cashback" мобильдік қосымшасы арқылы мемлекеттік кірістер органдарына құқық бұзушыға қатысты жолдауға құқылы.
Салық төлеуші салық төлеушінің паспортын (QR – кодты) өзінің объектісіне орналастырудан бас тартқан жағдайда, Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын елемеген жағдайда әкімшілік жауапкершіліктің бар екендігі туралы бұзушылықты жою мерзімдерін көрсете отырып (кәсіпкердің қолын қойғызып) хабарлама (салық заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы хабарлама) тапсыру қажет екенін атап өтеміз. Салық төлеуші хабарламада көрсетілген бұзушылықтарды жою мерзімдерін елемеген жағдайда, ӘҚБтК-нің 288-бабының нормаларына сәйкес әкімшілік жауаптылыққа тарту қажет.
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының
өндірістік емес төлемдерді және жеке кәсіпкерлерді
әкімшілендіру бөлімінің бас маманы Даулетқызы Д.