Меню

Страницы

Статья

Құрметті салық төлеушілер!

420-бап. Қосымша шот-фактураны жазып беру

  1. Қосымша шот-фактураны өнім беруші: 

1) осы Кодекстің 383-бабына сәйкес айналым мөлшері түзетілген; 

2) осы Кодекстің 197-бабының талаптары сақталмаған жағдайларда жазып береді. 

  1. Қосымша шот-фактура: 

1) шот-фактураларды жазып беруге қойылатын, осы тарауда белгіленген талаптарға сәйкес келуге; 

2) мына ақпаратты: 

шот-фактура қосымша болып табылатыны туралы белгіні; 

қосымша шот-фактураның реттік нөмірі мен жазып берілген күнін; 

қосымша шот-фактура жазып берілетін шот-фактураның реттік нөмірі мен жазып берілген күнін; 

айналым мөлшері өзгертілген жағдайда, оны түзету сомасын; 

қосылған құн салығы өзгертілген жағдайда, оны түзету сомасын; 

электрондық нысанда жазып берілген кезде айналым мөлшерін түзету сомасына айналым жасалған күнді; 

осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында белгіленген жағдайда, "Салық кодексінің 197-бабын сақтамау" деген белгіні қамтуға тиіс. 

  1. Қосымша шот-фактура түзету сомасына айналым жасалған күннен ерте емес және осындай күннен кейін күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей жазып беріледі. 
  2. Қағаз жеткізгіште жазып берілген қосымша шот-фактура бойынша осындай шот-фактураны тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушының алғаны туралы төменде санамаланған растаулардың бірінің:  

1) осы Кодекстің 412-бабының 12-тармағына сәйкес тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушының осындай шот-фактураны қолтаңбаларымен және мөрімен растауының; 

2) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушінің шот-фактураны тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушының мекенжайына тапсырысты хатпен жіберуі және оның алынғаны туралы хабарламаның болуы; 

3) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушының қол қойылған және: 

заңды тұлғалар үшiн – егер осы тұлғада Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мөр болуға тиіс болса, оның атауы қамтылған және ұйымдық-құқықтық нысаны көрсетiлген; 

дара кәсiпкерлер үшiн – мөрі болған кезде, тегi, аты, әкесiнiң аты (егер ол жеке басты куаландыратын құжатта көрсетілсе) және (немесе) атауы қамтылған мөр басылған осындай шот-фактураны алғандығы туралы хаты болуы міндетті. 

  1. Электрондық нысанда жазып берілген қосымша шот-фактура бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушы осындай қосымша шот-фактураны алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде электрондық нысанда жазып берілетін шот-фактуралардың құжат айналымы тәртібіне сәйкес осындай шот-фактураның жазып берілуіне келіспейтінін көрсетуге құқылы. 

 

«Жанама салықтарды әкімшілендіру бөлімі»

Дата публикации
06 мая 2022
Дата обновления
06 мая 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

14 октября 2026
Сайлау округтері, олардың шекаралары, округтік сайлау комиссияларының орналасқан жерлері және құрамы
13 октября 2026
МӘСЛИХАТ - 2026
13 октября 2026
ҚР Президентінің Жарлығы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы