Мемлекеттік қызметті берушінің атауы: Қаратұрық ауылдық округі әкімі
Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілі: www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
Бірінші кезең: Сұратылып отырған жер учаскесінің мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін анықтау, жер учаскесінің таңдау актісін дайындау, жер комиссиясының қорытындысын беру – 12 жұмыс күні ішінде
Екінші кезең: сатып алу – сату не уақытша өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартын қоса бере отырып, жер учаскесіне құқық беру туралы шешім шығару -бекітілген жерге орналастыру жобасы келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде.
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі: жер учаскесіне құқық беру туралы ауылдық округі әкімінің шешімі немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері: тегін
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
Бірінші кезең: 1. электрондық өтінім 2. Сұралып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспар)
Екінші кезең: бекітілген жерге орналастыру жобасы
ҚР заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға арналған негіздер: көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және олардағы деректердің дұрыс еместігін анықтау.
Басқа да толық мәліметтерді Қаратұрық ауылдық округі әкімі аппаратынан ала аласыздар, Мекен жайы: Ащысай ауылы, Жібек жолы көшесі 56А
тел: 8 (72776) 7-33-49 Қаратұрық ауылдық округі әкімінің аппараты