Егер сіз иелігіңіздегі жер учаскесінің пайдалану мақсатын өзгерткіңіз келсе, оны міндетті түрде заңдастыру керек. Себебі заң бойынша жер телімдері мақсатына сай пайдаланылмаған жағдайда айыппұл салынуы мүмкін.
Қызмет тегін, 13 жұмыс күні ішінде көрсетіледі. Ол үшін жер иесі egov.kz, elicense электронды порталы арқылы жылжымайтын мүліктің толық ақпаратын көрсетіп, онлайн өтініш береді.
Өтініш келіп түскен соң жауапты мемлекеттік орган қаланың бас жоспарын ескере отырып шешім шығарады.
Берілген өтініштің мәртебесін және жауабын жеке кабинеттен қадағалап отыруға болады.
Басқа да толық мәліметтерді Қаратұрық ауылдық округі әкімі аппаратынан ала аласыздар, Мекен жайы: Ащысай ауылы, Жібек жолы көшесі 56А
тел: 8 (72776) 7-33-49 Қаратұрық ауылдық округі әкімінің аппараты