Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 30 мамырдағы Жарлығымен Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшу тұжырымдамасы мақұлданды.
Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшу тұжырымдамасының шеңберінде Ават ауылдық округінің қызметі.
Ават ауылдық округінің егістік көлемі 565 гектарды құрайды. Тіркелген шаруа қожалықтарының саны - 205. Шаруа қожалықтарының негізгі өнімдері - көкөніс, дәнді дақылдар және жүгері.
2022 жылдың 02 сәуірінде округ аумағында жергілікті тұрғындардың қатысуымен "Birge – taza Qazaqstan" акциясы өткізіліп, Ават ауылдық округінің аумағында санитарлық тазарту жұмыстары жүргізіліп, 6,5 тонна қоқыс шығарылды.
Округте жыл сайын ағаш отырғызу бойынша акциялар өткізіледі
жергілікті тұрғындардың қатысуымен 2022 жылы 200 түрлі көшет отырғызу жоспарлануда.