Меню

Страницы

Статья

Криминогендік жағдайға талдау жүргізілді

Еңбекшіқазақ ауданы бойынша алаяқтық қылмыстарының жағдайына талдау жүргізіліп, қылмыстың өсуі өткен жылмен салыстырғанда 106% - ға (58-дан 62-ке дейін) өсуімен сипатталады.

Меншікке қарсы жасалған қылмыстардың бірі-алаяқтық, ол қылмыстық заңда біреудің мүлкін алдау немесе сенімге қиянат жасау арқылы иемдену, ұрлау түрінде сипатталады.

Соңғы уақытта ақша немесе өзге де материалдық игіліктер үшін көрінеу орындалмайтын көмек көрсетемін деп уәде беру алаяқтықтың кең тараған түрлеріне айналуда, яғни:

-жұмысқа орналастырамын деп

-нақты тұлғаға әлеуметтік тұрғын үй мемлекеттік бағдарлама бойынша кезектен тыс немесе мүлдем жәбірленушіге берілмейтін үй алып беремін

-жер немесе банктен несие алып беремін деп

-«тек жақын таныстарға» нарықтық бағадан төмен бағада үй алып беремін деп алдау арқылы

-жалған кәсіпорын және қаржы пирамидаларын құру

-банктік кредиттер немесе  интернет желісін пайдалану арқылы жалған банктік төлем карточкаларын немесе басқа да алаяқтық жолдары арқылы алдау.

Соның ішінде, интернет-алаяқтардың құрбанына айналмас үшін смартфондарыңызда немесе компьютерлеріңізде күдікті бағдарламаларды іске қоспаңыз және күмәнді мазмұндағы ресурстарға кірмеңіз.

Мысалы, сізге бұрын таныс емес нөмерден өзін банк қызметкерімін деп хабарласады. Кейін сіздің атыңызға белгісіз тұлғалар кредит алайн деп жатыр, сол себепті телефоныңызға банктің қосымшасын және тағы бір қосымшаны жүктеңіз деп айтады. Кейін алаяқтар сол екі қосымша арқылы сіздің жеке счетіңізге кіріп ақшаңыздың бәрін өз жеке счетіна аударып алады.

Алаяқтықтың объективті жағының ерекшелігі-жәбірленуші алдау арбауына түсе отырып мүлікті өз еркімен береді немесе қылмыскерге мүлікке иемденуге құқық береді. Соның нәтижесінде мүліктің ауысуы әдетте тараптардың келісіміне, мәмілеге ұқсайды. Алайда, мұндай мәміле заң тұрғысынан заңсыз, өйткені ол жәбірленушінің еркіне зиян келтіреді.

Жәбірленушіге мүліктік залал, қылмыстық Заңда көрсетілгендей, "оның ақшасын немесе материалдық құндылықтардан тұратын мүлкін иемдену арқылы ғана емес, сонымен бірге оның мүлкіне құқықты заңсыз иемдену нәтижесінде де туындауы мүмкін".

Сонымен қатар, азаматтардан осындай құқық бұзушылықтарға мұқият қарауды және қылмыстар анықталған жағдайда дереу полицияға 102 телефоны бойынша хабарлауды сұраймыз.

 

Дата публикации
20 апреля 2022
Дата обновления
26 апреля 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
БЖЗҚ туралы өзекті сауалдар
14 октября 2026
Сайлау округтері, олардың шекаралары, округтік сайлау комиссияларының орналасқан жерлері және құрамы
13 октября 2026
МӘСЛИХАТ - 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы