Меню

Страницы

Статья

Шелек ауылдық округі әкімі аппаратының сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау АНЫҚТАМАСЫ

Шелек ауылдық округі әкімі аппаратының

сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау

АНЫҚТАМАСЫ

с.Шелек                                                                                          31.03.2022ж.                                                                                                

 Кіріспе бөлім

Шелек ауылдық округі әкімінің «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңының 8 баптың 5 тармағына сәйкес «Шелек ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында өз қызметінде 2022 жылдың 5 қаңтарынан бастап 2022 жылдың 31 наурызына дейін «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» 2022 жылдың 7 сәуірдегі №93 өкіміне негізінде  сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді. Ішкі талдауға 2022 жылдың бірінші тоқсанының кезеңі қамтылды. Аппарат өз қызметін Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 15 тамыздағы №815 қаулысымен бекітілген «Шелек ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже негізінде жүзеге асырады. «Шелек ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің миссиясы: Еңбекшіқазақ ауданының Шелек ауылдық округі аумағында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына» сәйкес келесі бағыттары бойынша ішкі талдау жүргізілді:

Нормативтік құқықтық актілеріндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

  1. «Шелек ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ «Шелек ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

Шелек ауылдық округі әкімі аппаратының ұйымдастырушылық-басқару қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

  1. «Шелек ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде қадр қызметінің жұмысы, оның ішінде жұмысқа қабылдау және жұмыстан шығару бойынша.

2.1.«Шелек ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіндегі мемлекеттік қызметкерлерінің 2021 жылдың 30 желтоқсандағы бекітілген штат кестесіне сәйкес 16 адам құрайды.  Казіргі таңда бос орын – жоқ. Талдау барысында анықталды: 2022 жылдың 5 қаңтарынан бастап 2022 жылдың 31 наурызына дейін өз еркімен жұмыстан босатылған мемлекеттік қызметкерлері – жоқ. Теріс қылық жасағаны үшін босатылғандар жоқ.

Жұмысқа қабылданғандар – жоқ.

 

3.Мемлекеттік қызмет көрсету бағыты бойынша

Шелек аумағында Мемлекеттік корпорацияның бір бөлімі Шелек ауылында жұмыс жасайды. Шелек ауылдық округі әкімі аппараты өз жұмысында мемлекеттік қызмет көрсету кезінде Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет көрсету туралы» Заңы мен мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік–құқықтық актілерін тікелей басшылыққа алады.

Шелек ауылдық округі әкімі аппаратымен мемлекеттік көрсетілетін қызметтің 5 түрі көрсетіледі.

  1. «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру»
  2. «Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру»

3.«Сауда-саттықты (конкурстарды, аукционарда) өткізуді талап етпейтын мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу»  

  1. «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою»

        5.«.Бұрыңғы жер пайдалануға берілетін жер учаскесін жекеменшікке сату».

2022 жылдың 5 қаңтарынан бастап 2022 жылдың 31 наурызына дейін Шелек ауылдық округ бойынша 122 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

2021 жылдың 21 желтоқсанында 2022 жылға арналған «Көрсетілетін қызметті алушыларды мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы, оның ішінде «Электрондық үкімет» порталы арқылы хабардар ету үшін Шелек ауылдық округі әкімдігінің медиа-жоспары бекітілген (мемлекеттік қызметті Мемлекеттік корпорация және «электронды үкімет» веб-порталы арқылы көрсетілуі мәселесі жөніндегі БАҚ-да ауылдық округінің қызметкерлерінің басылымға шығу).

2022 жылдың 5 қаңтарынан бастап 2022 жылдың 31 наурызына дейін жеке және заңды тұлғалардан көрсетілген мемлекеттік қызмет бойынша арыз-шағымдар түскен жоқ. Шелек ауылдық округінің әкімі аппаратына жеке және заңды тұлғалардан түсетін өтініштерге берілетін жауаптың артқы жақ бетіне сыбайлас жемқорлықтың алдын-алуға бағытталған жадынама басып шығарылады.

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің көрсету тәртібінің бұзылуын алдын алу бойынша ауылдық округі әкімі аппараты тарапынан «Еңбекшіқазақ» газетіне мақалалар, аудан әкімдігінің сайтында ақпараттар үнемі жарияланып отырады. Шелек ауылдық округі әкімі аппаратында ішкі бақылау өткізу мен мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы жөніндегі жұмыстарға жауап беретін маманды бекіту жөніндегі тиісті нормативті актісі қабылданды. Халықты хабардар ету үшін Шелек ауылдық округі әкімі аппаратының ғимаратында – қызмет берушіде, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің көрсету тәртібі, анықтамалар, телефондарының нөмірлері, өтініш бланкілерінің үлгілері орналастырылған стенділер ілінген.

Ауылдық округі әкімі аппаратының мамандары Мемлекеттік корпорацияның қызметкерлерімен бірлесіп ай сайын қызмет көрсету тәртібі бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

         Шелек ауылдық округі әкімінің аппаратында мемлекеттік қызмет көрсету түрлерінің бірқатары қағаз түрінде көрсетілетіндіктен қызмет алушымен тікелей байланыс тәуекелін болдырмау үшін «электронды үкімет» веб-порталы арқылы көрсетілетін қызметке толықтай өту барысында жұмыстар жүргізілуде.

         Шелек ауылдық округ әкімі аппаратының ғимаратында бірінші қабатында ұйымдастырылған «өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» ашылып, жұмыс істеуде. «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» компьютерлік жабдықтармен, принтер, картридермен, веб-камерамен толық жабдықталған, Сервистік әкімдігінде округ әкімі аппаратының 3 маманы жұмыс жасап отыр. Сондай-ақ, өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы мен балалар бұрышы бар. Келушілерге ыңғайлы болу үшін күтуге арналған креслолар, теледидар мониторы және бақылау камералары орнатылды.

Шелек ауылдық округі әкімінің аппаратының бірінші қабатында фойеде теледидар орнатылды және мемлекеттік қызметтерді электронды түрде насихаттау тақырыбында бейнероликтер тұрақты түрде көрсетілуде.

Есепті мерзім ішінде азаматтардан мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі шағым түскен жоқ.

Ұсыныс: Мемлекеттік қызмет стандарттарын бұзуға жол бермеу мақсатында мемлекеттік қызметкерлер мен семинар–кеңес және мемлекеттік корпорация қызметкерлерімен дөңгелек үстел өткізу және жауапкершіліктерін күшейту.

 

  1. Тікелей байланыс тәуекелі

Шелек ауылдық округі әкімінің аппаратында мемлекеттік қызмет көрсету түрлерінің бірқатары қағаз түрінде көрсетілетіндіктен қызмет алушымен тікелей байланыс тәуекелі бар болатын, 2022 жылдың 4 наурызынан бастап электрондық үкімет порталында egov.kz Жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесін алуға кезекке қою (10 сотық жер) қызметі, сондай-ақ деректерді өзектендіру қызметі іске қосылды, осыған байланысты жер учаскесін алуға кезекке өтінімдерді электрондық форматта қабылдауда. Сол себептен осы мәселе бойынша Шелек ауылдық округі әкімі аппаратында мемлекеттік қызметтерді көрсететін мамандарға семинар, оқыту және басқада жұмыстар жүргізілуде және Шелек ауылдық округі бойынша мемлекеттік атаулы көмек (АӘК) тағайындау бойынша мемлекеттік қызметті көрсету бизнес-процесске ауылдық округі әкімі аппаратының мамандары да катысатын, казіргі таңда 2022 жылдың басынан бастап қызмет «Электрондық үкімет» порталы (ЭҮП) арқылы көрсету үшін «Еgov бұрышын» техникалық құрал жабдықтармен қамтамасыз етілді және жұмыстар жүргізілуде.

Шелек ауылдық округі әкімі аппараты мемлекеттік қызметтерді электрондық түрде алу мүмкіндіктері туралы тұтынушыларды ақпараттандыру жұмыстарын жүргізуде (БАҚ-қа мақалалар, хабарландырулар және мәліметтер).

  1. Шелек ауылдық округі әкімі аппаратының ұйымдастырушылық-басқару қызметіне байланысты басқа да сұрақтар.

5.1. «Шелек ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі және «Е-өтініш» ақпараттық жүйесінде белгіленген талаптардың, қарау мерзімдерінің сақталуын қамтамасыз ету бойынша тиісті шаралар жүргізілуде. Талдау барысында ауылдық округі әкімі аппаратында жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау бойынша заң бұзұшылықтар жоқ екендігі анықталды, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін объективті, жан-жақты әрі уақытылы қаралуы қамтамасыз етілген.

Ұсыныс: Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі және «Е-өтініш» ақпараттық жүйесінде белгіленген талаптардың талаптарын қатан түрде сақтау.

Қорытынды бөлім

  1. Жоғарыда айтылғандардың негізге ала отырып Шелек ауылдық округі әкіміне ұсынамыз:
  2. «Шелек ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесіне сәйкес жұмыс жүргізілсін.
  3. «Шелек ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің штат кестесіне сәйкес әкімшілік мемлекеттік қызметкерлерінің санын толтырулы.
  4. «Шелек ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік көрсетілетін тәртібі қатан сақталып - бақылауға алынсын және жоспарға сәйкес іс-шаралар атқарылсын.
  5. Шелек ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіндегі көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді ақпараттандыру жұмыстары жүргізілсін және бақылауға алынсын.
  6. Шелек ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының талаптарын қатан түрде сақтау.

 

Жұмыс тобы мүшелері:

Ауылдық округі әкімінің орынбасары                              К.Абдакимов

Ауылдық округі әкімі аппаратының

бас маманы                                                                        С.К.Касымова

Ауылдық округі әкімі аппаратының

бас маманы                                                                           Қ.Жұмабай

Ауылдық округі әкімі аппаратының

бас маман                                                                                  Ж.Амирова                                          

Ауылдық округі әкімі аппаратының

бас маманы                                                                                 М.Н.Жампозова

 

 

 

Таныстырылды:

Шелек ауылдық округі әкімі                                                С.Д.Абдихалиев

 

 

Орынд.: С.Касымова   тел.: 2-14-45 

 

Дата публикации
25 апреля 2022
Дата обновления
25 апреля 2022
Тип
Талдамалық мақала

Сейчас читают

21 октября 2026
БЖЗҚ туралы өзекті сауалдар
14 октября 2026
Сайлау округтері, олардың шекаралары, округтік сайлау комиссияларының орналасқан жерлері және құрамы
13 октября 2026
МӘСЛИХАТ - 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы